Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз
Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана әсер етеді.
Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.
Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.
Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана сіздің талаптары мен ойларыңызды балаға жеткізе алады.
Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.
Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.
Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.
Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.
Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.
Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.
Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.
Күн тәртібін 3-ке бөліңіз,бір бөлігін дайындыққа,қайталауға-8 сағат, екіншісі таза ауада серуендеуге,спортпен шұгылдануға-8 сағат,үшіншісі-дем алып,тынығуға ,уақытылы ұйықтауға-8сағат.
Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар
Осы оқу жылында сіздің балаңыз үлкен сыннан өткелі отыр. Ол Ұлттық Бірынғай Тестілеуге (ҰБТ) қатысады. Өз білімін сынайды. Ол үшін сіздерден үлкен күш-қуат,жауапкершілік,шыдамдылық қажет.Дәл осы айда жанұяда береке-бірлік, жақсы көңіл күй,құнарлы тамақ,қатан күн тәртібі болуы керек Балаға қолдау көрсетілсе,бойына ұрей тумай,керісінше сенім ұяласа сіздер «ҰБТ»деген «қаhарлы»сөзбен аталатын сынақтан абыроймен өте аласыздар!
1.Ең бастысы баланы психологиялық тұрғыдан дайындау қажет
Ол қалай ?Өмірде әр бала емтихан тапсыру қажет,сенің алдыңда әлі талай күрделі емтихандар күтіп тұр,ал мынау ең оңайы,сондықтан қорқудың қажеті жок деп баланы демеңіз
*ҰБТ тапсыруға балаңызбен қосымша пән етіп нені таңдайтынын талқылаңыз. Бұл дайындық жоспарын құруға көмектеседі: қай пәнге көп көңіл бөлу керек, ал қай пәнді жай ғана қайталап шықса жеткілікті.
*ҰБТ алдында үйде барынша қолайлы жағдай жасаңыз. Бала сіздің қолдауыңыз бен мейіріміңізді сезіну керек. Бұл кезде баланы үй шаруасынан босатыңыз, уақытын емтиханға дайындалуға ғана жұмсасын.
*Балаға материалды білетіндігіне сенімді болуына көмектесіңіз, өйткені бұл ол мектепте өткен материал ғой. Оның бар зейінін қойылған сұраққа аударуға үйретіңіз, әдетте жауап соның өзінде тұратын болады.
*Балаңызбен ҰБТ алдында кешке ол дайындықты тоқтатып, далада серуендеп келіп, жуынып, уақытында ұйықтауға жатады деп келісіңіз. Соңғы он екі сағат білімін емес, ағзаны дайындауға жұмсалу керек.
*Үйде жазбаша емтиханға дайындықты жиі өткізіңіз. Тестінің үлгі нұсқасын алып, балаға 3 сағат уақыт, таза қағаз парақтарын беріңіз. Уақытты белгілеңіз де, сынақтың басталғанын айтыңыз. Бұл уақытта баланы ешкімде, ешнәрсе де мазаламауға тиіс. Уақыт біткенде, сынақты тоқтатыңыз. Бала демалғаннан кейін тапсырмаларды баламен бірлесіп тексеріңіз. Қателерді түзеп, олардың неге болғанын талқылап көріңіздер.
*Дайындық кезінде бала аздаған үзіліс жасап отыруын бақылауға алыңыз. Шаршамай тұрып дем алып алған – қатты шаршап кетпеудің ең жақсы емі екенін түсіндіріңіз.
*Ата-аналар тарапынан ең басты көмек – олардың қолдауы мен өз балаларына деген сенімділік қажет.
Экзамен сөзі латын тілінен «сынақ» деп аударылады. 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыру ауыр, жанды қинайтын сынақ болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда бала ата-ананың қолдауын өте қажетсінеді
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ-дің басты идеясы – мектеп бітіру мен ЖОО түсу емтихандарын біріктіру, осылайша, жасөспірімді екі рет: алдымен – мектептегі бітіру емтихандарын тапсыру кезіндегі, ал содан кейін, ЖОО түсу емтихандарын тапсыру кезіндегі уайымдарын арылту болатын.
Мұндай жағдайда жасөспірімге көмек, ең алдымен ата-анасының көмегі қажет екендігі түсінікті. Біз әр ата-ана ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек екендігін түсінгенін қалаймыз. Өйткені алда – әлі ұзақ өмір жатыр және де жасөспірім оған өзінің күшіне деген сеніммен, ата-анасы өзін түсінеді және қолдайды, тіпті егер бірден барлығы ойлағандай болмаса да, болашақта алға қойған мақсатына жету мүмкіндігі бар екендігі сезімімен қадам жасауы тиіс.
Түлектердің ата-аналарының естен шығармайтын ең үлкен қағидасы: ҰБТ-ге дайындық отбасын ажыратпай, керісінше, оның ауызбірлігін күшейтуі керек! Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, құрмет пен сыйластық, сүйіспеншілік әлеуеті артуы керек!
Осы орайда мектебіміздің психологиялық қызметі ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Мақсаты: Оқушылардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып ҰБТ-ға дайындау.
Міндеттері: 1. ҰБТ-ға дайындық үшін барлық жағдайларды жасау.
2. Мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру.
3. Оқушының ҰБТ-ға дайындалуында кездесетін қиындықтарды анықтау.
4. Оқушыға психологиялық көмек көрсету.
ҰБТ-ға дайындық кезіндегі оқушыға көрсетілетін психологиялық көмек түрлері:
- ҰБТ тапсырудағы оқушының қызығушылығын анықтау (кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары);
- ҰБТ-ға дайындық, оқу материалдарын тест алдында қайталау;
- Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту;
- Релаксация жұмыстарын жүргізу;
- ҰБТ алдындағы үрейленуді болдырмау;
- Тест алдындағы мінез-құлқын бақылау, көмек беру.
- Тест барысында пайда болатын мінез-құлық ерекшеліктері.
Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандық тарын қалайды. Қысқаша әрі мазмұнды түрдегі кеңестерді қалайтын ата-аналар үшін, қарапайым, есте қаларлық формула немесе үш «Қ» заңы жасалды.
Бірінші «Қ»: Жағдайды құрметтеңіздер.
Бұл құрметтеу қалай байқалуы тиіс? Орта мектепті тәмамдау кезіндегі аттестациялық сынақ ретіндегі ҰБТ-тің барлық оң және теріс жақтарын қабылдау керек. Пайдасыз теріске шығарудың, өнімсіз ашуланудың және басқа да теріс эмоциялардың орнына, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен жұмсауға тырысыңыздар!
ҰБТ сұрақтарында мектеп бағдарламасында жоқ, ешқандай сұрақтардың болмайтындығын әрбір ата-ананың естен шығармағандығы өте пайдалы! Яғни, бұл дегеніміз тестке жыл бойы дайындалып, жақсы бағалар алған кез-келген оқушы оны орындай алады деген сөз.
Екінші «Қ»: Баланы құрметтеңіздер.
Бұл дегеніміз не? Бұл яғни, ата-аналар өз баласын кемсітпей, керісінше оның өз-өзіне деген бағасын арттырып, оның өзінің күші мен қабілетіне деген сенімін нығайту. Асыра мақтаудан қорықпау керек! Асыра мінеп-сынаудан қауіптену керек!
Үшінші «Қ»: Қамқоршыл болуға тырысыңыздар.
Бұл дегеніміз не? Біздің барлығымыз қазіргі заманғы ата-аналардың тым жұмысбасты екендігін білеміз. Осыған қарамастан, жасөспірімнің көңіл-күйінің және мінез-құлқының барлық өзгешеліктерін уақытылы байқау ҚАЖЕТ, бала ағзасының физикалық және психологиялық ресурстарының шамадан тыс жүктемесінсіз, ауыртпалықтарды жеңе білуіне көмектесу керек.
Баланың көңіл-күйіне мұқият болған айрықша маңызды. Баланың шаршауына байланысты оның жағдайының төмендегенін ата-анадан басқа кім уақытылы байқап, алдын ала алады? Психологтар, дәрігерлер мен ұстаздар баланың денсаулығына қамқорлық жасап, әр ата-ана ұстануы тиіс, өте маңызды ережелерді жасады.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: Тек ата-ана ғана баланың режимін бақылап, бала ағзасына шамадан тыс күш түспеуіне жол бермеуі тиім.
Көптеген балалар ҰБТ дайындалу кезеңінде «асыра саналылық» танытып, күндіз де, түнде де дайындалады.Әдеттегі күн тәртібін, дағдылы гигиена ережелерін бұзады. Мұндай шектен тысқарылықты ынталандырмау керек. Шамадан тыс күш жұмсау, жасөспірімнің денсаулығына зиянды.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналарға баланың дайындалуына үйдегілердің (әпке-қарындастары, аға-інілері, ата-әжелері) кедергі келтірмеуі үшін, сабақ оқуға арналған ыңғайлы орын ұйымдастыру міндеті жүктелген.
Жасөспірімді бос әңгімегеге, бірлесіп сериал көру мен осы сияқты міндетті емес әрекеттерге тартып алаңдатуға болмайды.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар баланың тамақтануына айрықша назар аударуы тиіс: қарқынды ақыл-ой күші уақытында оған құнарлы, әр түрлі тағамдар мен теңгерімделген дәрумендер кешені керек. Балық, ірімшік, жаңғақтар, кепкен өрік сияқты өнімдер бас миының жұмысын ынталандырады және оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: Сабақ пен демалыспен кезектестірілмеген кезде қатты шаршау, қалжырау орын алады. Ата-аналар әдеттегі 40-45 минут (мектептегі сабақтың ұзақтығы) сабақтан кейін, әдеттегі 10 минуттан кем емес үзіліс жасау керек екендігін айтып отырулары тиіс. Осы үзіліс ішінде жеңіл-желпі тамақтанып, терезеден сыртқы табиғат көрінісіне қарап, шағын жаттығу жасап немесе душқа (себезгі) түсіп алуға болады.
БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ: Емтихан қарсаңында баланың «қадалып» дайындалу (егер мұндай болатын болса) әрекетінің алдын алу керек. Білімді «өңдеп шығуға» жетпейтін әйгілі «емтихан алдындағы түн», шын мәнінде қиял. Сондықтан емтихан алдындағы түнде ата-аналар баланы тыныштандырып, ұйқысы қанатындай етіп, оған толыққанды демалуын қамтамасыз етулері керек.
АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:
Баланың ата-анасының эмоционалдық көңіл-күйін мұқият аңғарып, сезінетіндігін ұмытпау керек. Егер ересектер өзін-өзі ұстай алмай, қобалжу мен үрей тудыратын болса, онда балаға ата-анасының осындай құрылымсыз көңіл-күйі «жұғып», ең жауапты сәтте эмоционалдық күйзеліске ұшырауы мүмкін.
ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ: Ата-аналар өздерінің талаптары мен балаларының мүмкіндіктерінің қаншалықты арақатыстылығы туралы ойланулары тиіс. Баланы оның мүмкіндігі үшін қол жетімсіз шыңды «алуға» бағыттамау керек. Одан да балаға жоғары баға алу мүмкіндігі бар пәндерді анықтауға көмектесіңіз.
СЕГІЗІНШІ ЕРЕЖЕ: Егер бала көп күш-жігер жұмсап, тырысатын болса, мақтаудан аянып қалмаңыз. Тіпті ҰБТ жоғары бағамен аяқталмаған болса да, бала өз ата-анасы үшін оның іждағаты мен табысты болуға деген ниеті маңызды екенін білуі тиіс. Өз балаңыздың табысын, басқа балалардың табыстарымен салыстырмаңыз! Оның жеке жеңістеріне, кешегіге қарағанда, бүгінгі істерін жақсы істегеніне назар аударған жөн. Ең жоғарғы балдарға тым масаттанып, төмен балдарға қатты ренжуге болмайды.
Ата-аналар өз балаларының-орта мектеп түлектерінің ҰБТ дайындалу мен тапсыру кезеңінде қалай қолдауы тиіс екендігі мәселесінің талқылуына қайта оралайық.
АТА-АНАЛАР ҚОЛДАУЫНЫҢ БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Бір кездері америкалық «Кип смайлинг» (аудармасы «күлкіні ұстаңыздар!») ұраны кекесін туғызған еді. Бірақ қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!
ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.
Ата-ана қолдауының ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.
Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!
Ата-ана қолдауының ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!».