Балаларға қуаныш сыйлайық!
Осындай ұранмен лицейде «Балажан: ата-аналардың еріктілігі» республикалық акциясы аясында іс-шаралар өтті. Төрт алаң: спорт залы, диалогтік, әдеби және ойын алаңдары лицейде жылы атмосфера - бақыт, күлкі және шынайы қуаныш тудырды. Мерекелік іс-шаралар: квесттер, жарыстар мен турнирлерге ата-аналар мен педагогтермен бірге лицей оқушылары қатысып, мерекелік күнді жарқын бояулармен және жағымды көңіл-күймен толтырды.
Бірінші маусым бүкіл әлемде өте маңызды және қажетті күнді - Балаларды қорғау күнін атап өтеді. Көңілді мереке мектеп оқушыларының тату отбасыларын жинап, балалық шақты қорғау және барлық балаларға бақытты өсуге мүмкіндік беру қажеттігін еске салды. Нақ осы сенім мен достық атмосферасында баланың мінезінің негізі қаланады, оның қандай адам болып өсетіні алдын ала анықталады.
Педагогтер мен ата-аналар бұл күнді мейірімді, қызықты және есте қаларлық етуге тырысты.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны