Лицей педагогтері - «Педагогикалық шеберлік 2024» облыстық байқауының жеңімпаздары!
«Информатика» бағытында Татьяна Федоровна Медведева мен Торғын Жасұланқызы Есенкулова «Arduino платформасындағы роботтар» сериясының "Робототехника барлығы үшін" оқу-әдістемелік құралымен 1-орынды иеленді. Әзірлеу STEM-білім беруді дамытудағы қуатты құралдардың бірі ретінде STEM өзекті пәндік салаларын зерделеуге және робототехниканы игеруге ынталандыруды арттыруға бағытталған.
Құралды жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мектеп оқушыларына арналған арнайы курстардың бағдарламаларында, STEM-оқыту бағыты бойынша факультативтік сабақтар мен үйірме секцияларында, сондай-ақ балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында пайдалана алады.
«География» бағытында «Білім беру және зерттеу мақсатында спутниктік суреттерді талдау үшін LandViewer платформасын пайдалану» әдістемелік әзірлемесімен Виталий Александрович Кожокар 1-орынды иеленді. Ол қазіргі заманғы шартты-ақысыз сервистерді оқушылардың ғылыми жобалар сайысына дайыныдық жұмысына қолдануды ұсынады.
Әдістемелік әзірлемемен танысқан педагог,оқушылар үшін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлей алады.
8 лицей мұғалімдерін құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны