2024 жылдың 27 қыркүйегінде біздің лицейде 8 сабақта 10-11 сынып оқушылары арасында «Lingua Quiz» зияткерлік ойыны өтті. Шараны Рашид Хуснадинович Сулейменов пен Александра Евгеньевна Ильина ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа барлығы алты сынып қатысып, олардың әрқайсысы жоғары дайындық, эрудиция және командалық рух деңгейін көрсетті.
Бұл байқау эрудицияға, логикаға және сәттілікке деген сынақ болды. Ойын ағылшын тілінде өткізілді, бұл балаларға тілдік аясын кеңейтуге және халықаралық деңгейде білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қатысушылар бірнеше қызықты раундтарда бақ сынасты:
«Жаттығу” - күрделі тапсырмаларға дайындық
«Логика» - стандартты емес ойлауды және басқатырғыштарды шешуді талап ететін кезең.
«Шазам» - ағылшын тіліндегі әуендерді анықтауды қажет ететін музыкалық раунд.
«Блиц-сауалнама» - реакция жылдамдығы мен білім тереңдігі негізгі рөл атқаратын ақтық кезең.
Қызу тартыс нәтижесінің қорытындысы бойынша 1 орынды 10 В сыныбының командасы жеңіп алды.Екінші орынды 11 В, үшінші орынды 10 Б сыныбы иеленді.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!Бұл сайыс оқушылардың білімін ғана тексеріп қоймай,сонымен қатар логикалық ойлау, ағылшын тілінде еркін сөйлей алу қабілеттерін дамытуға көмектесті.