Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні облыс әкімі Асаин Байханов дарынды балалармен кездесті. Кездесу орны - боулинг орталығы, BatyrMall .
Өңір басшысымен лицейдің 4 Ә сынып оқушысы, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, халықаралық конференциялардың қатысушысы, акваробот өнертапқышы, оқу озаты Досов Санжар да әкіммен боулинг ойнады.
Әңгіме барысында Санжар өзінің робототехникаға деген қызығушылығы туралы айтып берді.
Облыс әкімі ойынның барлық қатысушыларын мерекемен әрі көптен күткен демалыстарымен құттықтап , тамаша көңіл-күй тіледі.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны