І. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу құралдары, оқушылардың өмірде кездесуі мүмкін проблемаларды шешуде жалпы оқыту дағдыларының қалыптасқандығын және жаңа қоғамда тиімді қызмет етуін бағалау мақсатын көздейді.
Зерттеу объектісі болып 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктері. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15-жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім, білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
PISA зерттеуін ұлттық орталықтар мен ЭЫДҰ ұйымдарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын Консорциуммен жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кірді:
- Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты (Netherlands National Institute for Educational Measurement, CITO);
- АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing
Service, ETS);
- Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты
(National Institute for Educational Research, NIER);
- статистикалық ақпараттар жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы (WESTAT).
Консорциумның жұмысын педагогикалық зерттеулердің Австралиялық Кеңесі үйлестіреді (The Australian Council for Educational Research, ACER).
Қазақстанда зерттеудің Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» болып табылады.
1.1. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу оқушылардың заттың терең мағынасын түсінуі мен себеп- салдардың байланысын, жан-жақты оқу әрекеттерін мен оқудың негізін құрайтын: шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу дағдылары, мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі. Оқушылар өмірлік жағдайларда кездесетін проблемаларға қатысады. Олар кешенді ойлануды талап ететін жоспарлау мен бағалауды, проблемаларды шешуді, дәлелдемелер келтіруді және шешімдер қабылдауды және т.б.қажет ететін тапсырмаларды орындайды.
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім беру саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «математикалық сауаттылық», «жаратылыстану сауаттылығы» мен «оқу сауаттылығы». Зерттеу оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауға басым көңіл бөлінген.
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы – «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы – «оқу сауаттылығы» және 2012 жылы - білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалық сауаттылығы» болды. PISA зерттеуінің кезекті 2015 жылы зерттеудің «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді. PISA зерттеуінің әрбір кезеңіндегі бағалаудың басым аймағындағы өзгеріс зерттеудің негізгі бағыты бойынша толық ақпарат алуға және осы бағыттағы жетістіктеріне салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
1.2. PISA зерттеуінің құралдары
PISA зерттеуінің құралдары:
- Тест тапсырмалары бар буклеттер;
- Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнама;
- Білім беру ұйымы оқушыларына арналған сауалнама;
- Тест өткізу туралы нұсқаулық;
- Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;
- Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу жөніндегі нұсқаулықтар.
PISA зерттеуінің құралдары Консорциумның басшылығымен, жетекші халықаралық ұйымдарының сарапшылары мен қатысушы елдердiң мамандарымен өңделедi.
Тест тапсырмалары бар буклеттер сұрақ-кітапша болып келеді, әрбір тапсырма бір мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар бірден алтыға дейінгі нұсқада жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екi жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекiтулер қалыптарында көрсетiлген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтар кіреді. Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құраулары керек, олардың кейбiрi қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етедi. Соңғысы тест тапсырушылардан жеке өзіндік пiкiрді талап етедi және өз көзқарасын айқындауға мүмкiндiк бередi. Өзге кейбір сұрақтар оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар).
Тест жұмыстары аяқталған соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім алатын мекемесi, отбасы, араласатын ортасы, өз мүдделері туралы сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырды. Қосымша бiлiм ұйымдары әкiмшiлiгiнен де сауалнамалар жүргiзiлдi.
1.3. Зерттеу өткізу стандарттары
Зерттеу, жобаға қатысушы барлық елдерде зерттеуді өткізу технологиясының стандарттары бірдей сақталуы үшін координациялық орталықпен дайындалған бірыңғай нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Халықаралық сарапшылар зерттеудің әрбір кезеңін (іріктеуді жүргізу, құралдарын аудару мен бейімдендіру, тестілеу мен сауалнаманы жүргізу, тексеру мен мәліметтерді өңдеу) бақылайды. Халықаралық деңгейдегі аудармашылардың көмегімен тест тапсырмалары мен сауалнамалары тексеріледі. Білім беру ұйымдарында зерттеуге Бақылаушы өкіл қатысады. Таңдау жауабы бар тапсырмаларды тексеру, арнайы бағдарламаның көмегімен автоматты түрде орындалады. Ашық жауабы бар тапсырмаларды тексеру барысында ұлттық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар жұмысының нәтижесі стандартқа сәйкес қамтамасыз етіледі. Ұлттық деңгейдегі тәуелсіз сарапшылармен әрбір төртінші буклет төрт рет тексеріліп, халықаралық сарапшыларға жіберіледі. Қатысушы елдердің сарапшыларымен келісілмеген тапсырмалар талдаудан алынады.
1.4. Нәтижелер қалай бағаланады
Әрбір оқушының тесті орындауы, әр жеке зерттеу бағытына (математика және жаратылыстану) байланысты халықаралық 1000 балдық шкаламен бағаланады. Сонымен қатар, әрбір тапсырманың қиындық деңгейіне, нәтижелі орындау мүмкіндігіне байланысты сол шкалаға сәйкес жеке балдар беріледі. Зерттеуге қатысушы елдер оқушыларының 2/3 бөлігіне жуығы 400 бен 600 аралығындағы балл нәтижесін көрсеткен. Бұл стандартты ауытқуы 100 болатын орташа мәні 500 балға тең халықаралық 1000 балдық шкала сипаттына сәйкес. Қатысушы елдің оқушыларының тапсырмаларды (ең қиын) орындай алуы әрбір ел үшiн орта балл көрсеткіші болып табылады.
II. PISA ЗЕРТТЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2.1. Жаратылыстану сауаттылығы
Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны (курсты, саясатты) қалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда. Сондықтан, PISA зерттеуі аясында 15 жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:
- ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);
- қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);
- ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);
- ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.
PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндерін – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қамтиды.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын
«жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білуі, берілген ақпарат негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.
2.2. Математикалық сауаттылығы
PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады.
15-жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.
Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:
- қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын
- мәселелерді тани білу;
- бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
- бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
- шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
- қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
- шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.
PISA зерттеуiнде оқушыларға қазақстандық мониторингтік зерттеулерге тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:
- сандар;
- кеңiстiк және форма;
- өзгерiстер мен қатынастар;
- белгісіздік.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi.
2.3. Оқу сауаттылығы
PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп түсінуге болады. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары.
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.
Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіру үшін тапсырмалар қолданылады.
Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әртүрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну ұсынылады.
Рефлексияны бағалау барысында мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті өзге де ақпарат көздерінен алған білімдерімен байланыстыра білуі, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді.