Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173
Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі:
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
- ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
- ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.
*Қазіргі таңда Қағидаларға ҰБТ-ны өткізу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілуде.
Тестілеуге қатысу бағасы - 5640 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмаларының саны – 120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.
Ең жоғары балл – 140
Шекті деңгей балы:
Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл."Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл.
Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.
Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.
СЫНАҚ ТЕСТІЛЕУ
https://prob-ent.testcenter.kz/