г.Павлодар, АСТАНА, 12
info@lizey8.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8

№8 лицей тағы да көшбасшы: облыстық кезеңде 11 жеңімпаз пен жүлдегер

№8 лицей тағы да көшбасшы: облыстық кезеңде 11 жеңімпаз пен жүлдегер
2025 жылғы 6 қарашада 8–11 сынып оқушылары арасында өткізілетін республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңі өтті.
№8 лицейді 17 оқушыдан құралған мықты команда таныстырды. Конкурс қорытындысы бойынша 11 лицеист жеңімпаз және жүлдегер атанып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын және ғылыми жетістіктерге деген талпыныстарын көрсетті.
Жеңімпаздар (1 орын):
Агинтаев Адиль, 8 сынып — жетекші Сулейманова А.В.
Каирболат Нұрсая, 8 сынып — жетекші Есенкулова Т.Д.
Кайдаров Мади, 8 сынып — жетекші Есенкулова Т.Д.
Марат Нұрсұлтан, 10 сынып — жетекші Абикенова А.К.
Жүлдегерлер (2 орын):
Савоник Даниил, 9 сынып — жетекші Есенкулова Т.Д.
Бурцева Эвелина, 9 сынып — жетекші Есенкулова Т.Д.
Журавлёва София, 10 сынып — жетекші Галиева Э.Б.
Жүлдегерлер (3 орын):
Абдурахимова Аселя, 11 сынып — жетекші Мендыбаев Ж.Г.
Васильев Роман, 9 сынып — жетекші Титченко А.П.
Дүйсембай Мансұр, 8 сынып — жетекші Кыстаубаева М.Ж.
Ержан Кәусар, 8 сынып — жетекші Кыстаубаева М.Ж.
№8 лицей командасы жоғары дайындық деңгейін және сенімді зерттеу дағдыларын көрсетті. Ғылыми кеңесшілерге — Кузембаев Н.Е., Камкин В.А., және лицей директоры Гаухар Қабдировнаға ғылыми ойға жағдай жасағандары үшін алғысымыз шексіз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта жаңа жетістіктер мен сынақтарда табыс тілейміз!

Титченко Анжелика Петровна Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды

Облыстық “Ұстазға тағзым” атты салтанатты іс-шарада, Мұғалімдер күніне орай, математика пәнінің мұғалімі Титченко Анжелика Петровна Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды — бұл білім беру саласындағы сіңірген еңбектің жоғары бағасы болып табылады. Бұл марапат — өз өмірін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, оларда логикалық ойлау, білімге құштарлық пен өзіне деген сенімділік қалыптастыруға арнаған ұстазға лайықты құрмет.
Анжелика Петровна — кәсібиліктің, даналықтың және өз ісіне деген шынайы махаббаттың жарқын үлгісі.
Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар тілейміз! 💐

@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn

UAV CODE CHALLENGE 2025

Astana IT University, атап айтқанда компьютерлік инженерия департаменті және SMART city ҒЗО, Дарын республикалық орталығының қолдауымен дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс ұйымдастырды. UAV CODE CHALLENGE 2025. Бірінші кезеңде республиканың түкпір-түкпірінен 120 мұғалім оқудан және конкурстық іріктеуден өтті. Нәтижесінде финалдық жарысқа тек үздік жиырма адам қатысты.

№ 8 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Медведева Татьяна Федоровна тестілеу кезінде үздік нәтиже көрсетті және біздің команда финалға қатысуға мүмкіндік алды.

@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn

Өз-өзіне сенімді бастама – шабытқа толы жол!

Өз-өзіне сенімді бастама – шабытқа толы жол!

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Жас мұғалімдер мектебінде жаңа оқу жылы басталды. Бүгін Жас мұғалімдер мектебінің кезекті отырысы өтті!

Жас педагогтерге арналған кіріспе тестілеу олардың жаңа идеяларды іздеуге және кәсіби өсуге дайын екендігін көрсетті. Бұл жұмыс жоспарын дұрыс құруға көмектесті.

Қатысушылар оқу жылына арналған жоспармен танысып, оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін талқылады, мектептегі алғашқы әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Ерекше назар қазіргі білім беру кеңістігіндегі жас педагогтің рөліне, оқушылармен және ата-аналармен тиімді байланыс орнату жолдарына аударылды.

Қолдау мен әріптестікке негізделген жылы атмосфера әр қатысушыға күш-қуат пен сенім сыйлады.

Жас мұғалімдер мектебі – бұл пайдалы кеңестер, әдістемелік жаңалықтар, достық қарым-қатынас, өзара көмек пен шабыт алаңы!

@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn

«Педагогтерді аттестаттау: тәжірибе, мәселелер және оларды шешу жолдары»

2025 жылғы 24 қыркүйекте КГУ «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» базасында «Педагогтерді аттестаттау: тәжірибе, мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар Павлодар облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды.
Семинар аясында оқу ісі жөніндегі орынбасар Күлжанова Қ.Д. «Педагогтерді аттестаттауға дайындау жүйесі: тәжірибе мен практика» тақырыбында мектептің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Өз сөзінде спикер білім беру ұйымындағы педагогтерді жүйелі дайындаудың кезеңдері мен тәсілдерін, аттестаттау үдерісінің барлық кезеңінде сүйемелдеу мен әдістемелік көмек көрсету механизмдерін, мектеп тәжірибесінен алынған практикалық кейстерді, педагогтер кездесетін өзекті қиындықтар мен оларды еңсеру жолдарын қамтыды.
Семинар педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасу мен тәжірибе бөлісудің алаңына айналды. Іс-шара қатысушылары ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін, баяндамалардың мазмұндылығын және көтерілген тақырыптардың педагогикалық қызметтің сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn

📚 КММ «№8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде» Жас ұстаздар мектебі басталды!

📚 КММ «№8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде» Жас ұстаздар мектебі басталды!

✨ Қыркүйектен бастап жас педагогтар тәлімгерлердің қолдауын алуда:
🗓️ жоспарларын нақтылауда,
💻 электрондық журнал мен «Күнделік» жүйесін меңгеруде,
🎯 тиімді оқыту әдістерін үйренуде.

🤝 Тәжірибелі тәлімгерлер — Хамза Ахмет Қуанышұлы, Тлеулес Баянды Асхатұлы және Жақсылық Эльмира Жанатқызы жас ұстаздарға әр кезеңде белсенді түрде көмек көрсетіп, сабақтарына қатысып, құнды кеңестер беруде.

🚀 Бұл – кәсіби өсудің және педагогикалық шеберлікті шыңдаудың маңызды қадамы!

@bilim_basqarmasy @rspc_daryn @malikovaa_aigul @aigerim_erkenovna @gauharbabykova

#жасұстазмектебі
#жасмұғалім
#жаспедагог
#ұстазжолы
#болашақұстаз
#жасұстаз2025

№8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Кабир Дания ,,Ұлы арман ‘’ Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағытына қатысып

 

24 қыркүйек күні жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті .
№8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Кабир Дания ,,Ұлы арман ‘’ Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағытына қатысып , 3 жүлде орынға ие болды.
Дания мен Оркен Абылкасымовнаны құттықтаймыз!

@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn

2025 жылғы 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында 5–10-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен олимпиада басталды

2025 жылғы 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында 5–10-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен олимпиада басталды.
Олимпиаданы ұйымдастырушы — Республикалық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығы.
Байқау екі күнге созылады — 22 және 23 қыркүйек.
Олимпиада лицейдің информатика кабинетінде барлық талаптарға сай өткізілуде: ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында екі жалпы көріністі бейнебақылау камерасы орнатылып, сыртқы бақылау үшін YouTube платформасы арқылы тікелей трансляция ұйымдастырылған. Лицейден олимпиадаға 40 оқушы қатысуға ниет білдірді.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

@bilim_basqarmasy @rspc_daryn @malikovaa_aigul @aigerim_erkenovna @gauharbabykova

📚🔬 Жас зерттеушілер іске кірісті!

📚🔬 Жас зерттеушілер іске кірісті!
16 қыркүйек күні №8 лицей-мектебінде 2–7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
15 дарынды оқушы өз жобаларын келесі секциялар бойынша ұсынды:
🧬 Биология
🧪 Химия
🏥 Медицина
🚀 Физика және ғарыш
💻 Информатика
🎨 Технология және өнер
⛺️ Туризм және спорт
Секция жұмыстарына өңірдің жетекші ЖОО оқытушыларынан құралған кәсіби қазылар алқасы баға берді.
👏 Барлық қатысушыларды сәтті жоба қорғауымен құттықтаймыз! Жеңімпаздар мектеп намысын қалалық кезеңде қорғайтын болады.

@bilim_basqarmasy @rspc_daryn @malikovaa_aigul @aigerim_erkenovna @gauharbabykova

#зерде2025 #лицей8 #балаларғылымы #мектепконкурсы #жасзерттеушілер #павлодар #наукадлядетей #школьныйконкурс

Бүгін лицейімізде жаңадан келген мұғалімдермен әкімшілік арасында жылы жүздесу өтті

Бүгін лицейімізде жаңадан келген мұғалімдермен әкімшілік арасында жылы жүздесу өтті 🤝
Биылғы оқу жылын жаңартылған құраммен – үлкен үмітпен бастаймыз! ✨
Біздің ұжымға 11 жаңа педагог қосылды 👩‍🏫👨‍🏫

Кездесу барысында жұмысымыздың негізгі бағыттары, лицей құндылықтары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері талқыланды 🎯
Ең бастысы — алғашқы күннен бастап сенім, қолдау және кәсіби дамуға арналған орта қалыптасып жатыр 🌟

@bilim_basqarmasy @rspc_daryn @malikovaa_aigul @aigerim_erkenovna @gauharbabykova

Послание Президента
Государственные символы