Astana IT University, атап айтқанда компьютерлік инженерия департаменті және SMART city ҒЗО, Дарын республикалық орталығының қолдауымен дрондарды бағдарламалау бойынша Республикалық жарыс ұйымдастырды. UAV CODE CHALLENGE 2025. Бірінші кезеңде республиканың түкпір-түкпірінен 120 мұғалім оқудан және конкурстық іріктеуден өтті. Нәтижесінде финалдық жарысқа тек үздік жиырма адам қатысты.
№ 8 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Медведева Татьяна Федоровна тестілеу кезінде үздік нәтиже көрсетті және біздің команда финалға қатысуға мүмкіндік алды.
@aigerim_erkenovna @bilim_basqarmasy @rspc_daryn