ЛИЦЕЙ МИССИЯСЫ
Көрініс (Видение)
Оқушылардың қабілетін ашу мен дамытуда халықаралық стандарттарға сай білім мен тәрбие беретін, Қазақстандағы дарынды балаларды қолдаудың жетекші орталығына айналу.
Миссия
Біз дарынды балалардың әлеуетін ашып, олардың зерттеушілік, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытамыз, білімге, инновацияға және гуманистік құндылықтарға негізделген, қоғам мен әлемге пайда әкелуге ұмтылатын тұлғаларды тәрбиелейміз.
Стратегиялық міндеттер
-
Оқушылардың зияткерлік, сыни ойлау, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытатын қолжетімді әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету.
-
STEM, гуманитарлық және көркем-эстетикалық бағыттарды қамтитын қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
-
Кәсіби, мотивациясы жоғары және үнемі дамып отыратын педагогикалық құрамды қалыптастыру.
-
Азаматтық жауапкершілік, патриоттық сезім, қарым-қатынас мәдениеті және эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тәрбие жүйесін жетілдіру.
-
Жоо-лармен, ғылыми ұйымдармен, әлеуметтік институттармен және халықаралық білім беру қауымдастықтарымен серіктестікті кеңейту.
-
Оқушылардың жеке білім траекторияларын қолдау, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, шығармашылық байқауларға және әлеуметтік бастамаларға қатысуын дамыту.
-
Бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау үшін цифрлық және зерттеу инфрақұрылымын нығайту.
Лицей түлегінің бейнесі
Дарынды балаларға арналған №8 лицейдің түлегі — интеллектуалды дамыған, жауапты, шығармашыл, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тұлға. Ол сыни ойлауға, жоғары академиялық нәтижелерге және берік адамгершілік құндылықтарға ие, өзін-өзі дамытуға және салауатты өмір салтына ұмтылады. Күрделі жағдайда шешім қабылдай алады және Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықтың дамуына үлес қосуға дайын.