
2025 жылғы 22 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай өзге ұлт өкілдері арасында 5–10-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен олимпиада басталды.
Олимпиаданы ұйымдастырушы — Республикалық ғылыми-практикалық “Дарын” орталығы.
Байқау екі күнге созылады — 22 және 23 қыркүйек.
Олимпиада лицейдің информатика кабинетінде барлық талаптарға сай өткізілуде: ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында екі жалпы көріністі бейнебақылау камерасы орнатылып, сыртқы бақылау үшін YouTube платформасы арқылы тікелей трансляция ұйымдастырылған. Лицейден олимпиадаға 40 оқушы қатысуға ниет білдірді.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
@bilim_basqarmasy @rspc_daryn @malikovaa_aigul @aigerim_erkenovna @gauharbabykova