г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8

№8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ СЕРПІЛІСІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ 22 ДИПЛОМ!

№8 ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ СЕРПІЛІСІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ 22 ДИПЛОМ!

10–14 мамыр аралығында «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ командасы «Математика және жобалау» халықаралық конкурсінде жарқын нәтиже көрсетіп, өз білімін, ізденісін және жобалық әлеуетін жоғары деңгейде дәлелдеді.

Конкурсқа 34 лицей оқушысы қатысып, олардың 22-сі I және III дәрежелі дипломдарға ие болды: 9 диплом — I дәрежелі, 13 диплом — III дәрежелі. Сонымен қатар 12 лицей оқушысы финалист сертификаттарымен марапатталды.

Бұл жеңіс — қазіргі математиканың дәптер шеңберінен әлдеқашан шыққанының айқын дәлелі. Бүгінде математика цифрлық платформалар құруға, ұшу үдерісін модельдеуге, фейктердің таралуын түсіндіруге, қаржылық сауаттылықты дамытуға, ақпаратты қорғауға, табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарымызды, жүлдегерлерімізді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Халықаралық конкурстың 22 дипломы — өзі-ақ көп нәрсені айтып тұрған нәтиже.

Мақтанамыз! Тамсанамыз! Алға жылжимыз!

I дәрежелі диплом — 9

1. Имомбай Фархад — тақырыбы: «DIMENSION.AI — алгебра мен геометрияны оқытуға арналған білім беру ИИ платформасы», секциясы: «Цифрлық ресурстар жасау және бағдарламалау», жетекшісі — Медведева Татьяна Федоровна.

2. Күзек Төрегелді — тақырыбы: «DIMENSION.AI — алгебра мен геометрияны оқытуға арналған білім беру ИИ платформасы», секциясы: «Цифрлық ресурстар жасау және бағдарламалау», жетекшісі — Медведева Татьяна Федоровна.

3. Асетова Малика — тақырыбы: «FORZA қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған білім беру платформасы», секциясы: «Цифрлық ресурстар жасау және бағдарламалау», жетекшісі — Медведева Татьяна Федоровна.

4. Шаяхметова Ардана — тақырыбы: «FORZA қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған білім беру платформасы», секциясы: «Цифрлық ресурстар жасау және бағдарламалау», жетекшісі — Медведева Татьяна Федоровна.

5. Питраков Богдан — тақырыбы: «Tugan Jer» интерактивті ойыны, секциясы: «Юниорлар», жетекшісі — Шевченко Ирина Иосифовна.

6. Шабалина Екатерина — тақырыбы: «Math and Art», секциясы: «Юниорлар», жетекшісі — Жакупова Гульнара Амангельдиновна.

7. Трынов Марк / Trynov Mark — тақырыбы: «Қанат және формула: математика ұшуды модельдеуге қалай көмектеседі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

8. Власенков Александр — тақырыбы: «Қанат және формула: математика ұшуды модельдеуге қалай көмектеседі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

9. Кабылдин Искандер — тақырыбы: «Қанат және формула: математика ұшуды модельдеуге қалай көмектеседі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

III дәрежелі диплом — 13

1. Осипенко Мария — тақырыбы: «Қауесет пен фейктер қалай таралады: ақпараттық эпидемияның математикалық моделі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшісі — Ержанина Наталья Владиславовна.

2. Казакова Алиса — тақырыбы: «Қауесет пен фейктер қалай таралады: ақпараттық эпидемияның математикалық моделі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшісі — Ержанина Наталья Владиславовна.

3. Дуйсембай Мансур — тақырыбы: «Координаталар арқылы көпбұрыштың ауданын табу», секциясы: «Геометриялық миниатюралар», жетекшісі — Кыстаубаева Мергуль Жоламанқызы.

4. Елищев Максим — тақырыбы: «Қазынаны қалай табуға болады?», секциясы: «Ақпаратты қорғау саласындағы математика», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

5. Баймұхамет Аль Фараби — тақырыбы: «Қазынаны қалай табуға болады?», секциясы: «Ақпаратты қорғау саласындағы математика», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

6. Канат Аскар — тақырыбы: «Қазынаны қалай табуға болады?», секциясы: «Ақпаратты қорғау саласындағы математика», жетекшілері — Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Есенкулова Торгын Джасулановна.

7. Кайдаров Мади — тақырыбы: «Циркулярлық экономика — тұрақты дамудың жаңа жолы», секциясы: «Қаржылық математика», жетекшілері — Есенкулова Торгын Джасулановна, Жакупова Гульнара Амангельдиновна.

8. Махметов Исмаил — тақырыбы: «Циркулярлық экономика — тұрақты дамудың жаңа жолы», секциясы: «Қаржылық математика», жетекшілері — Есенкулова Торгын Джасулановна, Жакупова Гульнара Амангельдиновна.

9. Нурбаев Исмет — тақырыбы: «Жай сандарды басқа сандардың арасынан қалай табуға болады?», секциясы: «Математика ғылымы», жетекшілері — Есенкулова Торгын Джасулановна, Жакупова Гульнара Амангельдиновна.

10. Масалимов Жан — тақырыбы: «Жай сандарды басқа сандардың арасынан қалай табуға болады?», секциясы: «Математика ғылымы», жетекшілері — Есенкулова Торгын Джасулановна, Жакупова Гульнара Амангельдиновна.

11. Савоник Даниил — тақырыбы: «Сирек кездесетін бекіре тұқымдас балықтарды автоматтандырылған құрылғы арқылы өсіруде математикалық әдістерді қолдану», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшілері — Есенкулова Торгын Джасулановна, Медведева Татьяна Федоровна.

12. Гладышева Алина — тақырыбы: «Павлодар облысындағы дәнді дақылдар өнімділігінің параболалық тәуелділік төбелері негізіндегі математикалық моделі», секциясы: «Табиғат пен қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері», жетекшісі — Пророчук Анна Владимировна

13. Васильев Роман — тақырыбы: «4-дәрежеге дейінгі диофант теңдеулерін шешудің жаңа әдістері», секциясы: «Математика ғылымы», жетекшісі — Титченко Анжелика Петровна.

2026 жылдың 13 сәуірінде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде облыстық «Абай әлемі» атты қорытынды әдеби кеші жоғары деңгейде өтті.

2026 жылдың 13 сәуірінде Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде облыстық «Абай әлемі» атты қорытынды әдеби кеші жоғары деңгейде өтті.

Рухани кешке құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысып, Абай мұрасынан тағылым алды. Кештің басты ерекшелігі – этно-кафе форматында ұйымдастырылған әдеби мәзір болды. Қонақтар Абай шығармашылығын өлеңдер, қара сөздер, әндер мен сахналық қойылымдар арқылы танып, рухани әлемге саяхат жасады.

Оқушылар ұлы ақынның терең мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен тағылымды ой өрбітті. Әдеби кештің әсерлі сәттерінің бірі – Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерінің караоке форматында орындалуы болды. Ән орындаушыларымен бірге көрермендер, ұстаздар мен ата-аналар қосылып айтып, зал ерекше рухани атмосфераға бөленді. Бұл әсерлі сәт көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған сахналық қойылымдар қатарында «Жер дауы – ел дауы» қойылымы мен «Абай жолы» романындағы «Шытырманда» тарауынан ұсынылған көрініс болды. Сонымен қатар кештің қадірлі қонақтары – Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері арнайы қатысып, тағылымды қойылым ұсынып, ізгі тілектерімен бөлісті. Театр өнерпаздарының сахналық шеберлігі әдеби кештің мазмұнын байытып, ұлттық өнердің құдіретін айқын көрсетті.

Әдеби кешке Абай облысы Мәдениет саласының үздігі, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, Бөрілі Мұхтар Әуезов музей-үйінің меңгерушісі Шағжан Бекенұлы Исабаев арнайы қатысып, Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Көрме арқылы оқушылар мен ата-аналар қазақ әдебиеті мен руханиятының терең тарихымен танысты.

Лицейде Абай мұрасын насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Орыс тілінде білім алатын 9–11 сынып оқушыларына арналған «Абайтану» факультативтік курсы енгізілсе, мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарда «Ұлы дала даналығы» атты үйірме жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі – Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының» әдіскері Гульдана Казболатовна Темиржанова. Бұл жұмыстардың барлығы «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіруге бағытталған.

«Абай әлемі» әдеби кеші ұлттық рухты дәріптеген, тағылымы мол, мазмұнды рухани кеш ретінде көпшілік көңілінен шықты.

Үйде оқимыз.

Үйде оқимыз.

Ғылыми тұрғыда дәлелденгендей, кітап оқудың пайдасы спорттық жаттығулардың пайдасымен тең, өйткені әдебиет оқыған кезде адам бүкіл миын жаттықтырады, ағза мидың танымдық қабілеттерін дамытатын барлық механизмдерді іске қосады. Теледидардан, планшеттен, компьютерден алыстап, қолына кітап алған оқушы тек оқудан ләззат алып қана қоймайды. Осы үдеріс барысында ойлау қабілеті, қиялы, есте сақтау қабілеті дамиды, сөздік қоры байиды, оқушы өз ойын анық әрі логикалық түрде жеткізуге, өзгенің пікірін қабылдауға, кітап кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйренеді.


 

✍🏻 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

✍🏻 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

✔️Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.

✔️Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.

✔️Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

✔️2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.

✔️2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.

✔️Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.

Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланады.

11 мамыр күні Астана қаласында өткен “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының “Тілі бірдің – жүрегі бір” бағытының қорытындысы бойынша №8 лицей оқушылары Абдурахимова Аселя (11-сынып) және Аканова Ясира (8-сынып)қола медальмен марапатталды.

11 мамыр күні Астана қаласында өткен “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының “Тілі бірдің – жүрегі бір” бағытының қорытындысы бойынша №8 лицей оқушылары Абдурахимова Аселя (11-сынып) және Аканова Ясира (8-сынып)қола медальмен марапатталды.


Жетекшілері: Игликова Г.К., Тусупбаева Г.Б.

Шәкірттеріміз бен жетекшілерін құттықтаймыз! Алар асулары биік, жеңістері көп болсын!

Бүгін Отан қорғаушылар күні мерекесі аясында мектеп-лицейде «Жас сарбаз» атты әскери-спорттық іс-шара өтті.

Бүгін Отан қорғаушылар күні мерекесі аясында мектеп-лицейде «Жас сарбаз» атты әскери-спорттық іс-шара өтті.

Аталған іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, Отан қорғаушыларға деген құрметті арттыруға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. Қатысушылар өздерінің дене дайындығын, төзімділігін, тәртіптілігін және командалық бірлігін көрсетті. Бағдарлама аясында саптық дайындық, спорттық эстафеталар, сондай-ақ ептілік пен жылдамдықты талап ететін түрлі тапсырмалар ұйымдастырылды.

Оқушылар жарысқа ерекше қызығушылықпен қатысып, жеңіске деген жігері мен күш-жігерін танытты. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Дене шынықтыру апталығы аясында «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

Дене шынықтыру апталығы аясында «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған іс-шараға 6 «A» 6 Ә сынып оқушылары белсенді түрде қатысты.

Жарыс барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі ойындары – «Қазан» және «Қыз қуу» ойындарын ойнап, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Әрбір қатысушы ойынға қызығушылықпен қатысып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін танытты.

WORKSHOP: кәсіби өсу мен кәсіби диалог кеңістігі

WORKSHOP: кәсіби өсу мен кәсіби диалог кеңістігі

2026 жылғы 5 мамырда КММ «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінде» «WORKSHOP кәсіби өсу кеңістігі ретінде: екі жылдық бірлескен әдістемелік жұмыс, тәжірибе алмасу және педагогикалық шешімдер» атты I жалпы мектепішілік конференция өтті.

Конференция мектеп ішінде ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және нақты педагогикалық шешімдер ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылаған мазмұнды кәсіби диалог алаңына айналды.

Мектеп WORKSHOP топтары өз жұмысының нәтижелерін ұсынды:
«Оқу-тәрбие процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері» — жетекшісі Медведева Т.Ф.
«Оқушыларды эссе жазуға дайындау» — жетекшісі Нурханова А.С.
«Lesson Study кәсіби қоғамдастығы және сабақты зерттеушілер» — жетекшісі Шиленкова Е.Р.
«Пән бойынша БЖБ және ТЖБ әзірлеу. Жас педагогтерге көмек» — жетекшісі Божакаева У.А.
«Ғылыми жобаны нөлден бастап әзірлеу» — жетекшісі Кожокар В.А.

Екі жыл ішінде WORKSHOP лицейдің нағыз әдістемелік зертханасына айналды: мұнда мұғалімге сабақты, бағалауды және оқушылармен жұмысты жетілдіруге көмектесетін алгоритмдер, жадынамалар, кейстер мен құралдар әзірленеді.

Конференция аясында WORKSHOP-қа кәсіби жетекшілік еткені, педагогтердің мектепішілік кәсіби өсу жүйесін дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ түрлі деңгейдегі байқауларға белсенді қатысып, жетістіктерге жеткені үшін педагогтерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

WORKSHOP алдағы уақытта да кәсіби өсу, сенім және педагогикалық шешімдер кеңістігі болып қала берсін!

#Лицей8 #WORKSHOP #КәсібиӨсу #ӘдістемелікЖұмыс #БілімСапасы #Павлодар

2026 жылғы 5 мамырда оқушылардың 55-ші кешенді спартакиадасы аясында мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикалық эстафета өткізілді.

2026 жылғы 5 мамырда оқушылардың 55-ші кешенді спартакиадасы аясында мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикалық эстафета өткізілді.

Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жеңіл атлетиканы одан әрі дамыту және кеңінен тарату, сондай-ақ ең мықты командаларды анықтау болды.№8 мектеп-лицейінің оқушылары жоғары деңгейдегі дене дайындығын, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар командасы мен ұлдар командасы І орынды иеленді. №8 мектеп-лицейінің құрамында:
Баранова Полина 10Б
Хлынова Ульяна 7Е
Ильенко Елизавета 10Б
Кабир Дания 11В
Беспаева Диана 10В
Захарова Екатерина 9Г
Русяев Данил 11Г
Уахит Сұңқар 11Б
Пролецкий Марк 11Б
Пелин Назар 11А
Филимонов Даниил 11А
Манатов Амир 11А

Патриоттық тәрбие беру, жауапкершілік пен тәртіп сезімін қалыптастыру мақсатында №8 мектеп-лицейінде Отан қорғаушылар күніне арналған сап және ән байқауы өтті.

Патриоттық тәрбие беру, жауапкершілік пен тәртіп сезімін қалыптастыру мақсатында №8 мектеп-лицейінде Отан қорғаушылар күніне арналған сап және ән байқауы өтті.

Іс-шараға 8–9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар саптық командаларды орындау, сапта нақты әрі үйлесімді қозғалу, сондай-ақ саптық әндерді орындау шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен бірлікті көрсеткен үздік топтар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Орындар келесідей бөлінді:
8-сыныптар арасында:
1-орын – 8 «А»
2-орын – 8 «В»
3-орын – 8 «Г»
9-сыныптар арасында:
1-орын – 9 «В»
2-орын – 9 «Ә»
3-орын – 9 «А»

1 2 3 4 5 6 12
Послание Президента
Государственные символы