Іс-шараға 8–9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар саптық командаларды орындау, сапта нақты әрі үйлесімді қозғалу, сондай-ақ саптық әндерді орындау шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен бірлікті көрсеткен үздік топтар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.
Орындар келесідей бөлінді:
8-сыныптар арасында:
1-орын – 8 «А»
2-орын – 8 «В»
3-орын – 8 «Г»
9-сыныптар арасында:
1-орын – 9 «В»
2-орын – 9 «Ә»
3-орын – 9 «А»