г.Павлодар, АСТАНА, 12
info@lizey8.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
6 «Б» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ДАВИД САДРИ ЖАСАҒАН ҮШ ТĺЛДЕ ИНТЕРАКТИВТĺ ТУРИСТĺК КАРТА МЕН ҚАЛАНЫҢ АЛҒЫШҚЫ АУДИОГИДĺ АКҚЫЛЫ ҚАЛАҒА ЕРЕКШЕ ТЫНЫС БЕРДĺ

Павлодар енді тек өз ескі көшелерімен ғана емес, жаңа технологияларымен де ерекшеленеді. №8 мектеп-лицейінің 6 «Б» сынып оқушысы Давид Садри жасаған үш тілде интерактивті туристік карта мен қаланың алғашқы аудиогиді арқылы қалаға ерекше тыныс берді. Мектеп оқушысының бұл жобасы бүгінде туристік компаниялар, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырып қана қоймай, қаланың туристік инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жобаның басты ерекшелігі – Павлодарда алғаш рет жасалған аудиогидтің болуы. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дыбысталған. QR-кодтар арқылы туристер 14 тарихи-мәдени нысан туралы кәсіби дайындалған аудиожазбаларға қол жеткізе алады: Майра Шамсутдинованың үй-музейі, ескі сауда үйлері, Даңқ мемориалы және Ертіс жағалауы сияқты көрнекті орындар. Аудиогид саяхатты қарапайым әрі қолжетімді етеді: оны көз көрмейтін адамдар, шетелдіктер, мектеп оқушылары және жазбаша мәтіннен гөрі қызықты әңгіме тыңдағанды жөн көретіндер пайдалана алады. Өңір спорт басқармасының мәліметі бойынша, бұған дейін қалада мұндай аудиогид болмаған – жоба шынымен де бірегей.

Жобаның тағы бір маңызды ерекшелігі – монетизацияның тиімді моделі. Туристік карта қазірдің өзінде бірнеше павлодарлық кәсіпорындардың қолдауына ие: олар картаға өз логотиптері мен жарнамалық блоктарын орналастырды. Мұндай әріптестік өнімді өзін өзі қаржыландыратын етіп қана қоймай, картаны үнемі жаңартып, қайта шығару мүмкіндігін береді, бюджет қаражатын тартпай-ақ. Компаниялар тиімді жарнамалық құрал алады, ал туристер – сапалы және заманауи жолсілтеме. Кейбір бизнес-серіктестер үлкен тираждарды сатып алып, карталарды қала қонақтары, оның ішінде шетелдіктер арасында таратуды жоспарлап отыр.

Интерактивті карта өз суреттері мен нақты фотоматериалдарға негізделген, екі маршрутты қамтиды – автомобильмен және жаяу. Оны туристік фирмалар, қонақ үйлер, кафе, музейлер, сондай-ақ мектептерде тарих және жергілікті өлкетану сабақтарында қолдануға болады. Электрондық нұсқасы арқылы карта мен аудиогидті бір рет басу арқылы жүктеп алуға болады.

Послание Президента
Государственные символы