
Жас таланттың жеңісі: Ертіс өңіріне арналған жоба «Өлкеңді таны» секциясында үздік деп танылды
2025 жылдың 26 қарашасында КМҚК «Экология және туризм бойынша балалар мен жасөспірімдер орталығында» «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Форум өңірдің ең ізденімпаз да белсенді жас зерттеушілерін тағы да бір арнаға тоғыстырды.
«Өлкеңді таны» секциясында №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 6 «Б» сыныбының оқушысы Давид Садри ерекше көзге түсті. Туған Ертіс өңірінің табиғи және мәдени мұрасына арналған оның ғылыми жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасын алып, жас зерттеушіге сенімді жеңіс сыйлады.
Жобаға ғылыми жетекшілік еткен — ғылыми жобалау ісінің білікті маманы Виталий Александрович Кожокар.
Жеңімпазды және оның ұстазын шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолында жаңа идеялар мен жарқын жетістіктер тілейміз!