г.Павлодар, АСТАНА, 12
info@lizey8.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
Жетістіктер жолы!

Жетістіктер жолы!
28 қарашада дарынды балаларға арналған 8 лицей-мектебінің мәжіліс залында Президенттік олимпиаданың, Қ. Сәтбаев атындағы Халықаралық химия олимпиадасының және «Қазақстан Білім Олимпиадасының» жеңімпаздар және жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өтті.
Бұл күн шын мәнінде еңбек, талант пен табандылықтың нағыз мерекесіне айналды!
Еңбексүйгіштігімен және білімге деген талпынысымен мектеп абыройын асқақтатып, барша оқушыларға үлгі болған лицеистерге сый-құрмет көрсетілді.
Лицей басшысы Бабыкова Гаухар Қабдыровна жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хаттар тапсырып, олардың мектеп пен елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Жұлдыздарымызды құттықтаймыз!
Алда бұдан да көп жеңістер, шабыт пен жетістіктер болсын деп тілейміз!

Послание Президента
Государственные символы