г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: ОРТАҚ МАҚСАТ – САНАЛЫ ҰРПАҚ

2026 жылғы 10 қыркүйекте «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ-де жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында лицей басшысы Г.К. Бабыкова 2026–2027 оқу жылындағы негізгі мүмкіндіктер, талаптар мен басымдықтарды таныстырды.

Басшының инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары А.М. Осипенко әр оқушының қабілеті мен әлеуетін дамытуға бағытталған жеке білім беру траекториясы туралы баяндады.Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К.Ж. Бастемиева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнына тоқталып, бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының маңызын атап өтті.Сонымен қатар лицейдің медицина қызметкерлері оқушылардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ұсынымдар берді. Полиция инспекторы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру жолындағы нәтижелі жұмыс тек мектеп пен ата-ананың өзара сенімі, ашық байланысы және ортақ жауапкершілігі арқылы жүзеге асады. Барлық ата-аналарға белсенді қатысып, маңызды мәселелерді бірге талқылағаны үшін алғыс білдіреміз!

#№8ЛицейМектебі
#АтаАналарЖиналысы
#АдалАзамат
#МектепЖәнеОтбасы
#БалаҚауіпсіздігі
#СапалыБілім
#СаналыҰрпақ

Послание Президента
Государственные символы