Аралық аттестаттауға барлығы 551 білім алушы қатысты. Емтихан жұмыстары Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес әзірленіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен тілдік құзыреттіліктерін анықтауға бағытталды.
Аттестаттау барысында білім алушылардың келесі дағдылары тексерілді:
– тыңдалым;
– айтылым;
– оқылым;
– жазылым;
– тілдік бағдар.
Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша білім алушылардың басым көпшілігі оқу жылы бойы меңгерген білімдерін көрсете алды. Оқушылар тапсырмаларды бағалау критерийлері мен дескрипторларға сәйкес орындады.
Жалпы қорытынды бойынша «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен білім сапасының тұрақты екені байқалды. Алдағы уақытта білім алушылардың жазылым сауаттылығын, әдеби тілде сөйлеу мәдениетін және грамматикалық білімдерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғастырылатын болады.