г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
22 мамыр күні № 8 лицей-мектебінде 6-сынып оқушыларына арналған «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ЖЕМІСІ» атты салтанатты жиын өтті.

22 мамыр күні № 8 лицей-мектебінде 6-сынып оқушыларына арналған «БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ЖЕМІСІ» атты салтанатты жиын өтті.

Бұл оқу жылы оқушылар үшін жаңа білімге толы, жарқын әсерлер мен алғашқы үлкен жетістіктерге, мектеп өміріне белсенді қатысуға толы кезең болды.

Алтыншы сынып оқушылары оқу барысында, зияткерлік байқауларда, шығармашылық іс-шараларда, спорттық жарыстарда және қоғамдық жұмыстарда өз белсенділіктерін көрсетті. Көптеген оқушылар белсенділігі, жауапкершілігі, білімге деген ұмтылысы және мектеп намысын түрлі деңгейдегі шараларда абыроймен қорғағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

6-сынып — оқушылардың өз күшіне деген сенімі қалыптасып, дербестігі артып, жаңа белестерге ұмтылатын маңызды кезең. Осы оқу жылында әр оқушы алға қадам жасап, қабілеттерін шыңдап, мол тәжірибе жинақтады. Оқушылар олимпиадаларға, байқауларға және мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің білімдерін, талпыныстары мен дарындарын көрсете білді.

5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі пәні бойынша II дәрежелі дипломмен 6 «А» сыныбының оқушысы Бопышева Аяжан марапатталды.

Ағылшын тілі пәні бойынша III дәрежелі дипломмен 6 «А» сыныбының оқушысы Амирина Аружан марапатталды.

Математика пәні бойынша I дәрежелі дипломмен 6 «В» сыныбының оқушылары Сероокий Егор мен Мерзявко Андрей марапатталды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша II дәрежелі дипломмен 6 «Б» сыныбының оқушысы Лихолобова Елизавета марапатталды.

Математика пәні бойынша II дәрежелі дипломмен 6 «Б» сыныбының оқушысы Борисов Сергей марапатталды.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша II дәрежелі дипломмен 6 «В» сыныбының оқушысы Пирожков Дмитрий марапатталды.

III дәрежелі дипломмен 6 «В» сыныбының оқушылары Ашимова Арууке — қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша, Өмірбек Дамеля — жаратылыстану пәні бойынша марапатталды.

№ 8 лицей-мектебінің басшысы Бабыкова Гаухар Қабдыровна оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, олардың білімге деген ынтасы мен мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, барша оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, тамаша демалыс, жаңа мақсаттар мен болашақ жеңістер тіледі.

Құрметті 6-сынып оқушылары, сіздерді жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, биік жетістіктерге жете беріңіздер! Жазғы демалыстарыңыз жарқын әсерлерге толы болсын!

Послание Президента
Государственные символы