г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
2026 жылғы 20 мамырда «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» КММ оқу орнында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқушылар арасында «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілді.

2026 жылғы 20 мамырда «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» КММ оқу орнында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқушылар арасында «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Солтүстік полиция бөлімінің ЖПҚБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Күлбаев М.Х. оқушыларға алаяқтардың қандай сылтаулар арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын немесе жеке деректерін алдап алуға тырысатынын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері қарастырылды: банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар атынан қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу, жалған ұтыстар туралы хабарламалар тарату, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бұзу әрекеттері.

Оқушыларға жеке деректерді қорғау және интернет желісінде қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Әсіресе күрделі құпиясөздерді пайдалану, екі факторлы қорғанысты қосу, белгісіз сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ бөгде адамдарға растау кодтары мен құпия ақпараттарды бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Профилактикалық әңгімелер балалардың киберқауіптерден қорғану ең алдымен қырағылық пен сақтықтан басталатынын түсінуіне бағытталды. Полиция қызметкерлері оқушыларды цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, күмәнді хабарламаларға сенбеуге және кез келген күмәнді онлайн жағдайлар мен қоңыраулар туралы ересектерге немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.

Осындай іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Послание Президента
Государственные символы