Оқушылар жарқын әрі мазмұнды бағдарлама ұсынып, әлем халықтарының билерін орындады. Әрбір өнер көрсетілімінде халықтар арасындағы достық, бірлік пен өзара құрметтің маңызы көрініс тапты.
Мерекелік көңіл күй, әсем киімдер мен оқушылардың таланты көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұмытылмас сәттерге толы болды.
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық орнап, еліміздегі бірлік пен ынтымақ әрдайым нығая берсін.