
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері, сондай-ақ шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Инспектор жолда өзін ұстау мәдениеті, жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, оқушыларға су айдындарында қауіпсіздік сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша нақты ұсыныстар берілді. Аталған іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.