г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
Павлодар облысы білім беру басқармасының КММ «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арналған Назарбаев Университетінің қатысуымен кәсіби бағдар беру сағаты өтті.

Павлодар облысы білім беру басқармасының КММ «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» 10–11 сынып оқушыларына арналған Назарбаев Университетінің қатысуымен кәсіби бағдар беру сағаты өтті.

Кездесу барысында жоғары сынып оқушылары университетке түсу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары және оқу шарттары туралы толық ақпарат алды. Университет өкілдері талапкерлерге қойылатын талаптар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ студенттік өмір мен түлектердің болашақтағы мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті.

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға және оқуға түсуге дайындалу бойынша пайдалы кеңестер алды. Аталған кәсіби бағдар беру сағаты оқушылардың болашақ білім беру бағытын саналы түрде таңдауға ықпал етті.

Послание Президента
Государственные символы