Бүгін Астана қаласында 7–8 сынып оқушылары арасында өткен химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының жабылу салтанаты өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша
- химия пәнінен күміс медальмен 8 «Д» сынып оқушысы Ахметова Латифа марапатталды (мұғалімі — Колдашева О.В.);
- химия пәнінен қола медаль 7 «Б» сынып оқушысы Кравчук Василисаға табысталды (мұғалімі — Молокова И.Н.).

Оқушыларымыз бен ұстаздарын лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! Білімге деген құштарлық пен табандылық әрқашан биік нәтижелерге жетелесін!