г.Павлодар, АСТАНА, 12
Lizey8@edu.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
№ 8 лицейде Жас мұғалім апталығына старт берілді

№ 8 лицейде Жас мұғалім апталығына старт берілді

2026 жылғы 17 сәуірде № 8 лицейде Жас мұғалім апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара жас педагогтер мен олардың тәлімгерлерін бір арнаға тоғыстырды.

Апталықтың ашылуы педагогикалық шеберлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және жас мамандарды қолдауға бағытталған мазмұнды да ауқымды бағдарламаның бастауына айналды.

20-24 сәуір аралығында жас педагогтерді қызықты әрі тәжірибеге бағытталған бағдарлама күтеді: ашық сабақтар өткізу, шеберлік сыныптарына қатысу, педагогикалық кейстер мен өздерінің кәсіби портфолиоларын таныстыру.

Жас мұғалім апталығы педагогтер үшін өздерін танытуға, жетістіктерін көрсетуге, тәлімгерлерінің қолдауын сезінуге және алдағы дамуға шабыт алуға мүмкіндік береді.

Послание Президента
Государственные символы