Ғылым қызметкерлері күні мен Ғарышкерлер күніне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «AEROO» ЖШС-мен бірлесіп, 2026 жылғы 8–12 сәуір аралығында Астана қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми байқауын өткізуде.
Байқауға Қазақстан, Қытай және Түркия елдерінің командалары қатысуда. Осы беделді зияткерлік додада Павлодар облысының намысын жалғыз қатысушы — №8 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Роман Шатилов қорғауда.
Роман жасанды интеллект негізінде әзірленген, ғарыштық қолайсыз құбылыстарды болжауға және спутниктерді оның салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін инновациялық бағдарламалық өнімін ұсынуда. Бұл жоба ғылыми жаңалығымен ғана емес, практикалық маңызымен де ерекшеленеді: мұндай шешімдер ірі технологиялық қатерлердің алдын алып, миллиондаған долларды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бүгін байқаудың бірінші кезеңі басталды. Қатысушылар өз идеяларын шетелдік сарапшылар алдында қорғайды, ал таныстырылым ағылшын тілінде өтеді. Кәсіби кері байланыс алғаннан кейін командаларға өз жобаларын жетілдіріп, күшейту үшін небәрі 24 сағат беріледі.
11 сәуір күні Романды шешуші кезең күтіп тұр — ол ғарыш және зымыран жасау саласының сарапшылары алдында сахнада өз жобасын қорғайды.
Роман Шатиловқа сенімділік, сәтті өнер көрсету және жарқын жеңіс тілейміз!