Бүгін таңертең қазақ тілінен республикалық олимпиадасының қола жүлдегері — 11 «Б» сынып оқушысы Абдурахимова Әсел мен оның мұғалімі Игликова Гүлмира Қакимовнаға арналған қуанышты кездесу өтті.
Бұл маңызды сәтті құттықтап, бірге бөлісу үшін мектеп әкімшілігі, ұстаздар және ата-аналар жиналды. Жылы да шынайы алғыс сөздер мен шат күлкі, бұл кездесуді ұмытылмас етті.
Оқушыларымыз бен олардың ұстаздарының жетістіктерін мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!