55-ші Халықаралық химия олимпиадасының қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу
Алматыда 55-ші Халықаралық химия олимпиадасының (IChO-2023) қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды. Олимпиада Цюрихте (Швейцария) өтті. Команда құрамында олимпиаданың күміс жүлдегері, Павлодар облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі"КММ 10 сынып оқушысы Илюсизов Ринат.
Швейцарияның Цюрих қаласында 55-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2023) аяқталды.
Швейцарияның Цюрих қаласында 55-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2023) аяқталды. Зияткерлік сайысқа әлемнің 88 елінен 350-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада теориялық және эксперименттік турлардан тұрды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған N8 лицей-мектебі» КММ 10 Б сынып оқушысы Илюсизов Ринат күміс медальмен марапатталды. Ринат пен химия пәнінің мұғалімі Колдашева Оксана Владимировнаны жеңісімен құттықтаймыз!
"Азия оқушылары арасындағы XYII шахмат чемпионаты"
Өзбекстан елінің астанасы Ташкент қаласында 13-21 шілде аралығында өткен "Азия оқушылары арасындағы XYII шахмат чемпионатында" лицейіміздің 4 "ә" сынып оқушысы Ахмет Сулейман Қазақстанның көк байрағын желбіретіп "Азия чемпионы" атанып 1-орын алып, алтын медаль иеленді.
Бұл Чемпионатта барлық категориядан 17 елдің мектеп оқушылары бақ сынасты. 11 жасқа дейінгі оқушылардың арасында топты жарып шыққан Сулейманға КМС атағы беріледі.
Сулейманға әлі де биік белестерді бағындыруға тілектеспіз.
Молокова Ирина Николаевна
Павлодар облысы білім беру басқармасы, "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ-нің, химия пәнінің мұғалімі, Молокова Ирина Николаевна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша "Орта білім беру iсiнiң үздiгi" " құрмет дипломы ұсынылады.
Төмендегі жетістіктер негізге алынады:
- XII облыстық жасөспірімдер олимпиадасының 2 оқушы- жеңімпаз (1 орын) және жүлдегер (2 орын);
- Облыстық пән олимпиадасынан жеңімпаз (1 орын);
- Жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаз (1 орын) және 2 жүлдегерлері (2 орын);
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың жүлдегер (2 орын);
- 7-8 сынып оқушыларына арналған химия және биология бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаз (1 орын) және 2 жүлдегерлері (2 орын, 3 орын);
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаз (1 орын) және 2 жүлдегерлері (2 орын,3 орын);
- Қ.Сәтбаев атындағы олимпиадасының жеңімпаз (1 орын) және 2 жүлдегерлері (3 орын).
Колдашева Оксана Владимировна
Павлодар облысы білім беру басқармасы, "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ-нің, химия пәнінің мұғалімі, Колдашева Оксана Владимировна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен ұсынылады.
Төмендегі жетістіктер негізге алынады:
- XII облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегер (2 орын);
- Облыстық пән олимпиадасынан 2 оқушы- жеңімпаз (1 орын) және 5 оқушы- жүлдегерлері (2 орын, 3 орын);
- "Қазақстан білім олимпиадасы" республикалық олимпиаданың 3 оқушы- жеңімпаз (1 орын);
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың 3 оқушы жүлдегерлері (2 орын, 3 орын);
- Қ.Сәтбаев атындағы олимпиадасының 1 оқушы- жүлдегер (2 орын);
- 57 Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегер (3 орын);
- Халықаралық «Туймаада» (Якутия) олимпиадасының жүлдегер (3 орын).
Стадникова Лилия Викторовна
Павлодар облысы білім беру басқармасы, "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ-нің, математика пәнінің мұғалімі, Стадникова Лилия Викторовна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен ұсынылады.
Төмендегі жетістіктер негізге алынады:
- Оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаз және 1 оқушы жеңімпаздар (3 орын );
- Эйлер олимпиадасының республикалық кезеңі 3 жүлдегерлері (2, 3 орын);
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының 1 жүлдегер ( 3 орын );
- Қ.Сәтбаев атындағы олимпиадасының 3 оқушы- жеңімпаз (1 орын) және 1 жүлдегерлері (2 орын);
- XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының 1 оқушы - жеңімпаз (1 орын) және 1 оқушы жүлдегер (3 орын);
- Халықаралық Азия - Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының 2 оқушы жүлдегерлері (2, 3 орын);
- "Жібек жолы" математикалық олимпиадасының женімпаз (1 орын);
- Қыздарға арналған еуропалық математика олимпиадасының жүлдегер (2 орын);
- 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының жүлдегер (3 орын);
- Халықаралық математика олимпиадасының (IMO, Жапония) жүлдегер (3 орын).
10-17 шілде аралығында Токио қаласында (Жапония) Халықаралық физикалық олимпиада (IPhO) өтті.
10-17 шілде аралығында Токио қаласында (Жапония) Халықаралық физикалық олимпиада (IPhO) өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды балаларға арналған N8 лицей-мектебі" КММ 11 Б сынып оқушысы Нуртаев Даир қола медальмен марапатталды. (физика пәнінің мұғалімі Билида А.Н.)
5-12 шілде аралығында Жапонияның Тиба қаласында 64-ші халықаралық математикалық олимпиада (МО-2023) өтті.
5-12 шілде аралығында Жапонияның Тиба қаласында 64-ші халықаралық математикалық олимпиада (МО-2023) өтті. Зияткерлік сайысқа әлемнің 110-нан астам елінің өкілдері қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы Владимир Роговский қола медальмен марапатталды.Владимир мен математика пәнінің мұғалімін Стадникова Лилия Викторовнаны жеңісімен құттықтаймыз!
"Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ "Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебі" рейтингінде II орын алды
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің нәтижелеріне талдау жүргізді.
Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ олимпиада командасының мүшелері республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 15 медальмен марапатталды. Лицей қоржынында - 2 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль.
Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі" КММ "Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебі" рейтингінде II орын алды (рейтингтің 7-8 позициясы).
Мектепке жұмысқа қалай орналасу керек?
https://drive.google.com/file/d/1Ny5iKYhd8tZnhUwyXlPDZvnAkil31xnW/view