"Егер саған көмек керек болса"
Жалпыұлттық аза тұту күні
Дарынды жастар - ел болашағы
Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев олимпиада жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті. Олардың қатарында Павлодар қаласының № 8 лицей-мектебінің оқушылары Илюсизов Ринат - химия бойынша Халықаралық олимпиаданың (IChO) күміс жүлдегері және Роговский Владимир – математика бойынша Халықаралық олимпиаданың (IMO) қола жүлдегері. Олардың педагогтары лайықты марапаттарға ие болды: Колдашева Оксана Владимировна - химия пәнінің мұғалімі және Стадникова Лилия Викторовна-математика пәнінің мұғалімі.
Алтын медаль үшін 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері, күміске – базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшері, қолаға – базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.
«Алаш зиялылары - ұлт мақтанышы» әдеби шығармашылық кеш
Бүгін мектебімізде «Алаш зиялылары- ұлт мақтанышы» әдеби шығармашылық кеш өтті. Оқушылар тарих қойнауынан сыр шертіп, елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларын дәріптеп, шығармалары мен өмірін насихаттап, әдеби композициялық қойылым қойды. Өз елін, жерін қорғайтын отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен іс шара, тарихтың бір парағы іспеттес, парасат пен пайымға толы болды.
"XV Торайғыров оқулары"
Лицей оқушылары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі "XV Торайғыров оқулары"
Косанова Айзере мен Кайырбекова Айганым жыл бойы Павлодар қаласындағы ҚТҚ полигонының алаңын қашықтықтан өлшеу мәселесімен айналысты. География пәнінің мұғалімі В.А. Кожокардың жетекшілігімен олар 1985 жылдан 2022 жылға дейінгі жоғары ажыратымдылықтағы ғарыштық суреттер арқылы ҚТҚ полигонының аумағындағы өзгерістердің динамикасын анықтады. Жас зерттеушілер полигон аумағын үш функционалды аймаққа бөлді: рекреациялық даму, перспективалық даму, қалдықтарды қайта өңдеу. Әрбір аймақ құру кезінде полигон алып жатқан аумақтың әлеуетін барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Мұражайдағы дәстүрлі емес формадағы арнайы курс
Мұражайдағы дәстүрлі емес формадағы арнайы курс
"Жобалық және ғылыми - зерттеу қызметінің негіздері" арнайы курсының қызықты сабағын т.ғ. к., Ә. Марғұлан атындағы ППУ гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі кафедрасының доценті Н.Е. Кузембаев Марғұлан орталығында ұйымдастырды. Павлодар өңіріндегі археологиялық қазбалар және Ертіс өңірінің атақты тарихи тұлғалар туралы экскурсияны орталық директоры Т. Н.Смагулов пен Е.К. Абеуова жүргізді. Ғылыми жобаларды әзірлеу кезінде ғалымдармен белсенді өзара іс-қимыл- бұл табысты жобаны құрудың басты шарттарының бірі.
"Мұқағали Мақатаев оқуларының" жүлдегері
26 қазанда 2023 жылы Абай атындағы гимназиясының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "М. Мақатаев оқулары" конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
7 А сынып оқушысы
Шаяхметова Ардана "Айтып өткен ақында арман бар ма? " - ақын шығармаларын мәнерлеп оқу бағытына қатысып 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ардана мен дайындаған мұғалімді Аятова Кумисай Шапаевнаны құттықтаймыз!
"Тәуелсіздік ұланы" премиясының лауреаттары
Республика күні қарсаңында "Қоғамдық Келісім" үйінде облыс әкімі А.Байхановтың қатысуымен "Тәуелсіздік ұланы" премиясының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. “Ғылыми-техникалық шығармашылық пен оқу зерттеушілік жұмыс” номинациясының лауреаттары Павлодар облысы білім беру басқармасының “ Дарынды балаларға арналған 8 лицей- мектебі” КММ оқушылары Бектұрсын Дәрия (9Б), Мирошников Глеб (9Б), Рудик Иван (9Б), Лим Василий (8 Б), Мерзявко Андрей (4А) марапатталады. Лицей оқушыларын марапаттауларымен құттықтаймыз!
Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл - ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан - Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
Осы мерекелі күнде сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!