г.Павлодар, АСТАНА, 12
info@lizey8.kz
8(7182)53-47-14
@lyceum.8
9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ

Қорытынды аттестаттауды өткізудің мерзімдері — 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;

  1. Математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
  2. Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
  3. Қазақ тілі/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан — 2026 жылғы 8 маусым;
  4. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.


Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 174 бұйрығы.


Послание Президента
Государственные символы