Құрметті ата- аналар! Балаларымыздың қауіпсіздігіне назар аударайық!
Құрметті ата- аналар!
Балаларымыздың қауіпсіздігіне назар аударайық!
Родители! Берегите детей!
Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Павлодар облысының әкімі Асаин Қуандықұлы Байханов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті
Бүгін Павлодар облысының әкімі Асаин Қуандықұлы Байханов халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті. Кездесуге дарынды балаларға арналған N 8 лицей - мектебінің 9-11 сыныптарының он төрт оқушысы және олардың педагогтері қатысты.
5 маусымда мини-робо-сумодан "KazRoboSport - 2024" өңірлік чемпионаты өтті.
5 маусымда мини-робо-сумодан "KazRoboSport - 2024" өңірлік чемпионаты өтті.
Чемпионаттың жеңімпаздары дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебінің жас робототехниктер командасы атанды.
7 А сынып оқушылары Савоник Даниил, Асетова Малика І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2024 жылдың 16-18 тамызында лицеистер Павлодар облысын Тараз қаласында өтетін «KazRoboSport-2024» республикалық чемпионатында таныстырады.
Даниил, Малика және команда жетекшісі, информатика мұғалімі Татьяна Фёдоровна Медведеваны жеңістерімен құттықтаймыз және республикалық чемпионатта сәттілік тілейміз!
Ескі қаланың өсімдіктерін зерттейміз
Ескі қаланың өсімдіктерін зерттейміз
2024 жылдың 5 маусымында химия-биологиялық жасақтың ботаника, өсімдіктер физиологиясы пәнінің оқытушысы, «Берегиня- Био» қоғамдық қорының негізін қалаушы Татьяна Михайловна Пономаревамен экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияда лицеистер «Ескі қала аумағындағы өсімдіктердің әралуандылығы» тақырыбында дәріс тыңдады.
Жалпы орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттау жалғасуда
Жалпы орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттау жалғасуда.
4 маусымда 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырды.
Түлектерімізге қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуін тілейміз.
Бүгін 8 лицей-мектебінде тіл үйренушілерге арналған "ZEREK’’ Тіл мектебі өз жұмысын бастады.
Бүгін 8 лицей-мектебінде тіл үйренушілерге арналған "ZEREK’’ Тіл мектебі өз жұмысын бастады.
Мектептің мақсаты:балаларға тілді оңай үйренуге көмектесу.Сабақтардың барлығы қызықты,ойын түрінде өтеді.
Бүгін балалар бір-бірімен танысып, қысқаша диалогтарға түсіп, сурет,мақал-мәтелдермен жұмыс жасады,қызықты сұрақтарға жауап берді.
Сабақ көңілді өтті!
Жазғы академия: ғылыми жобалар үшін материалдар жинау.
Жазғы академия: ғылыми жобалар үшін материалдар жинау.
2024 жылдың 4 маусымында биологиялық зерттеу жасағы экологиялық мектепте болды. Экскурсия барысында балалар споралы,ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің түрлерімен танысты.
Қымбат сыйлық
Қымбат сыйлық.
2024 жылдың 4 маусымыеда «Нөлден ғылыми жоба» курсының кезекті сабағында 8-лицейдің ғылыми кеңесінің төрағасы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын педагогтер мен оқушыларға Ә.Марғұлан атындағы ППУ ғылыми кеңесі баспаға ұсынған «Мектептік ғылыми жобаларын дайындау тұрғысынан Ежелгі түріктер мен қыпшақтардың тарихы мен мәдениетінің ерекшеліктерінің проблемалары» атты оқу құралын табыс етті. Енді лицей оқушылары мен педагогтер кітапхана құралын пайдалана алады.
Жазғы академия: ғылыми жобаларды қорғауға дайындалудамыз
Жазғы академия: ғылыми жобаларды қорғауға дайындалудамыз
Жазғы академияда екінші күні лицеистер «Ғылыми жоба» курсын басынан бастап оқуда. Сабақтарды тарих ғылымдарының кандидаты, Гуманитарлық ғылымдардың жоғары мектебі кафедрасының доценті Н.Е. Күзембаев жүргізеді.
«Дұрыс» тақырыпты қалай табуға болады? Гипотезаны қалай тұжырымдауға болады? Жобада қандай зерттеу әдістерін пайдалану керек? Осы және басқа да сұрақтарға лицейдің ғылыми кеңесшісінің курсы жауап береді.