«Бірлік формуласы» атты математикалық олимпиада
https://www.instagram.com/p/C2jGwHKIUkh/
https://www.instagram.com/p/C2jN-LitHfU/
Қарқынды қысқы мектеп іс-жүзінде!
Бүгін «Интенсивтер мектебі» инновациялық жобасы аясында «Бірлік формуласы» атты математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға 20 команда қатысты, оның құрамына 4-8 сыныптарының100 оқушысы енді. Олимпиаданы өткізудің маңызды мақсаттарының бірі оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын дамыту, оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа тарту болып табылады. Қазылар алқасына математика пәні мұғалімдері мен лицейдің жоғары сынып оқушылары кірді. Олар:
В. Роговский, А. Одинцова, А. Мочалова, А. Ильясов (11в сынып), Ю. Катунина, Ю. Шубладзе, А. Сәбит, Ю. Захарченко, Р. Шатилов, М. Пролецкий, И.Ван - халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары.
Олимпиаданың ерекшелігі командаларды құруда әртүрлі жастағы балаларды қамту болды.
Олимпиадаға қатысу лицей оқушыларына өздерінің білімдерін, математикалық қабілеттерін, стандартты емес және логикалық есептерді шеше білуін тексеруге мүмкіндік берді.
Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы болып № 9 команда атанды:
Константин Синицкий 4 Б,
Артур Терентюк, 5 В,
Санжар Салменов,7 Б,
Василиса Зубчик,8 А сыныбы.
«Бірлік формуласы» атты математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІ орынды келесі командалар бөлісті:
№ 10 команда
Богдан Рябини 4б
Алиса Ведерникова 5г
Нармина Исмаилова 6г
Савелий Сидоров 7в
Софья Березина 8а
№ 2 команда
Әділхан Баймағамбет 4а
Арсен Балта 5ә
Вадим Дерксен 6б
Алина Ерченко 7в
Нұрсұлтан Марат 8в
№ 15 команда
Стефан Хачунский 4а
Анвар Бараисов 5е
Святослав Галюров 6в
Эвелина Бурцева 7а
Захар Хачунский 8 б
Жеңімпаздарды тамаша нәтижемен құттықтаймыз!
«Бірлік формуласы» атты математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ орынды келесі командалар бөлісті:
№ 3 команда
Сұлтан Жанболат 4а
Заңғар Назарбеков 5а
Әділ Жүкен 6б
Алина Бекпаева 7а
Искандер Әмірханов 8в
№ 16 команда
Егор Сероокий 4а
Арина Ильенко 5е
Нұрсая Қайырболат 6в
Сафия Гафурова 7г
Василий Лим 8б
Жеңімпаздарды тамаша нәтижемен құттықтаймыз!
«Қалай ұшқыш болуға болады» тақырыбында кәсіптік бағдар сағаты
2024 жылдың 25 қаңтарында «Дарынды балаларға арналған лицей-мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларымен Ab-Intitio бағдарламасының түлегімен мен сондай-ақ «AIR ASTANA» компаниясының өкілдерімен «Қалай ұшқыш болуға болады» тақырыбында кәсіптік бағдар сағаты өтті. Окушылар ұшқыш мамандығы және авиакомпания арқылы ұшқыштарды даярлау және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы көбірек білді.
@airastana
«Robotek Grand Tournament» чемпионаты
2024 жылдың 23 қаңтарында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Robotek Grand Tournament» чемпионаты өтті.
Шараны ұйымдастырушы - Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Шараның мақсаты - робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету.
Чемпионатқа 44 команда қатысты (құрамында 85 оқушы бар). «Robotek Grand Tournament» чемпионаты 7 санат бойынша өткізілді.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша «Робот сұрыптаушы» санаты бойынша облыстық білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің «Фиксики» командасы марапатталды.Даниил Савоникті (7 А сынып), Марсель Богатырёвті (6 Б сынып) және команда жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Татьяна Фёдоровна Медведеваны жеңістерімен құттықтаймыз!
5 сыныптарға оқушыларды қабылдау туралы
Облыстық "Тарих іздерімен"атты байқауда "Өлкетану маршруттары " номинациясы
Білім беру басқармасы мен экология - туризм бөлімі бірігіп өткізген облыстық "Тарих іздерімен"атты байқауда "Өлкетану маршруттары " номинациясы бойынша 4"Ә" сынып оқушысы Мэлс Әкімхан жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Әкімхан мен оны дайындаған Жанат Темирбулатовна Ассанованы құттықтаймыз!
"Ән - өлшеуіш, өлең - күміс"
Шәкәрім шығармаларының шуағына шомылғандар сынға түсті десек артық болмас, 19 қаңтар күні Ұлы ғұлама, ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған облысты "Шәкәрім оқулары" өтті. "Ән - өлшеуіш, өлең - күміс" Шәкәрім әндерін орындау шеберлігі бағытында лицейіміздің 8 Б сынып оқушысы Чистова Алиса 3 орынды иеленді. Алиса мен жетекші Абаильденова Н.Қ. құттықтаймыз
Инновациялық ата-аналар академиясы
Планетарлық ауқымдағы тұлға
Планетарлық ауқымдағы тұлға
17 қаңтарда лицейде академик Қ. Сәтбаевтың 125-жылдық мерейтойына арналған бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Лицеистер геолог-ғалым, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы, Ғылым Академиясының тұңғыш Президентінің, ХХ ғасырдың көрнекті ғалымының мерейтойына ерекше ризашылықпен қатысты.
Сынып сағаттары әр түрлі форматта өтті: дөңгелек үстел, әңгімелер, презентация, ауызша журнал, онда лицеистер ғылыми қызмет ұсынды, Қ. Сәтбаевтың Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін дамытуға қосқан баға жетпес үлесін талқылады, тарихи тұлғаға арналған бейнефильмдерді қарады. Лицеистер оның қоғамға деген жанқиярлық қызметін, халықтың мүдделеріне адалдығын - өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын ісін атап өтті.
Қ. И. Сәтбаев - планетарлық ауқымдағы нағыз қаһарман. Оның өмірі - ғылымға деген адалдықтың, өз халқына және еліне жаңа және риясыз қызмет ашуға деген ұмтылыстың үлгісі.
Мектеп оқушыларының 53-ші кешенді Спартакиадасы
2024 жылдың 15-17 қаңтар күндері мектеп оқушыларының 53-ші кешенді Спартакиада бағдарламасында үстел теннисінен жарыстар өтті.
№8 мектеп-лицейінің жасөспірімдер командасы құрамында Мищук Глеб, 11 Б сынып және Филиппов Артем, 11 В сынып 2-орын жеңіп алды.
Қыздар командасы құрамында Калашникова Элеонора, 11В сынып және Колдашева Амелия, 11Б сынып 3-орын жеңіп алды.
Командалар мен тәлімгерлер Ильсур Фаридович Колдашев пен Ольга Валерьевна Мещанинованы жеңісімен құттықтаймыз!