Көңілсіз жүруге уақыт жоқ!
Спорттық кездесулер, балалар мен ата-аналардың жарыстарға бірлесіп қатысуы балаларды салауатты өмір салтына ынталандырады, спортқа және дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын қалыптастырады сонымен қатар, бұл өз балаңызды жақсы тануға мүмкіндік беріп, отбасындағы өзара тығыз қарым-қатынасты нығайтады. Біздің «Көңілді бастамаларымыз» - бұл бір-бірімізге деген құрмет пен керемет көңіл күй сыйлайтын эмоциялық, ойын-сауық ойындары. Біз бұл бастамамызды жалғастырамыз!