Снимок экрана 2024 04 24 134957
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

2024 04 23 222859

Лицей оқушылары үш тілде сөйлейді Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми жетістіктер көрмесінде 4 «А» сынып оқушысы Садри Давид Павлодар туралы QR кодтары бар бірегей авторлық үштілді күнтізбемен таныстырды.


2024 04 23 222826

Экороботты лицей оқушылары Халықаралық конференцияда таныстырды

5 «Ә» сынып оқушылары Маратов Азамат пен Мұстафа Дамеля Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған ғылыми жетістіктер көрмесіне қатысты. Азамат пен Дамеля экоробот жасап шығарды. Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың немересі, химия ғылымдарының докторы, профессор Жармағамбетова Әлима Қайнекейқызы лицей оқушыларының өнертапқыштығын жоғары бағалап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тіледі.


2024 04 23 222803

Лицей оқуларынан Сәтбаев оқуларына дейін! 2024 жылдың 19 сәуірінде №8 лицейдің жас зерттеушілер тобы «XXIV Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанатына қатысты. Секциялық отырыстарда 40-тан астам лицей оқушылары сөз сөйледі. Балаларды қызықтыратын салалар жасанды интеллекттің білім берудің болашағына әсерінен бастап дақылдар өсіру үшін биостимуляторларды қолдануға дейін. Ең мықтыны білікті қазылар алқасы анықтайды.


2024 04 23 222739

Көктемгі қамқорлық: лицейде ECO - еріктілер қозғалысы қайта басталады.
Лицейдегі көктем тамаша ұсыныстардан басталады - КӨКТЕМ - ЖАҢАРУ УАҚЫТЫ! ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ! -
көктемгі экологиялық акциялар.
Биыл көктемгі акциялар лицейдің жасыл бұрыштарын жаңартудан, ECO - еріктілер қозғалысынан басталды.
Табысты тұлғаны қалыптастыру үшін денсаулықты сақтау жағдайларын жасау лицейдің білім беру кеңістігінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл жасыл бұрыштарды жаңарту акциясы ECO волонтерлерімен негізделеді - бөлме өсімдіктері оқушылардың денсаулығына әсер етеді, мінсіз микроклимат жасайды, эмоциялық жай-күйі мен жайлылық сезіміне оң әсер етеді, экологиялық мәдениетке алғашқы қадам болып табылады, жалпы балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырады.
Қазірден бастап лицейдің ЕСО еріктілері лицей аумағын тазартуға, қайырымдылық акцияларына белсенді дайындалуда, көктемгі көгалдандыру маусымы - ағаштар мен гүлзарларды отырғызу жоспарда бар.
ECO - еріктілік:табиғатқа деген көмек - қызыққа толы іс!


Снимок экрана 2024 04 18 133836

2024 жылдың 10-12 сәуірінде еліміздің жетекші техникалық ЖОО- нда, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің бірнеше алаңдарында Satbayev University-нің 90 жылдығына және академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараларға арналған Kazakhstan Smart Space ғарыш технологиялары мен техникасы бойынша 3-ші Халықаралық конкурстың финалдық іс-шаралары өтті.
Байқау шеңберінде қатысушылар ғарыш саласына арналған техника мен технологиялар үшін қолданбалы шешімдер әзірледі. Ғылыми-зерттеу жобасы номинациясында «Спутниктік түсірілімдердегі GCI хлорофилл индексі - қалалық ортадағы жасыл желектердің деңгейін талдаудың сенімді тәсілі» жобасымен 7 "Б" сыныбының оқушылары Диана Елембаева,Милана Пасенкова жеңімпаз атанды.
Біздің лицейстер физика -математикалық мектептептерді және бәсекеге түскен Алматы, Астана және Тараз қалаларындағы ең мықты лицей оқушыларын,тіпті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін де жеңіп шықты!

                                                                                                                                                 

Снимок экрана 2024 04 18 133858

Шығармашыл ұрпақ - тамаша болашақ!
16 сәуірде лицейде спорттық - танымдық бағыт мұғалімдерінің ӘБ-нің "Сезіну.Түсіну. Жасау ".атты декадасының ашылуы өтті. Бірінші күннің барлық іс-шаралары "Шығармашылық пен спорт үшін ең жақсы күн - бүгін. Қазірден бастаңыз!" - деген ұранмен басталды.
Шығармашылық пен спорт әлеміне шарлау - онкүндіктің ашылуынан басталды: таңертең мұғалімдер мен оқушыларды «Дені саудың - жаны сау» атты тамаша музыка мен ұйымдастырылған флешмобпен қарсы алып, барлығына жақсы көңіл-күй сыйлады. Балалар музыкалық үзілістерде би биледі, «Тәтті шашкалар» турниріне, «Талантты суретші» акцияларына, сондай-ақ күн аффирмацияларына қатысып жұлдызнама бойынша әр жұлдыз иесінің бүгінгі күні не күтіп тұрғанын біле алды.
Бүгінгі онкүндіктің іс-шаралары балаларды белсенді шығармашылық жұмысқа, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті, лицейдің ұжымын біріктіріп, лицей оқушыларының коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырды. Педагог балалардың қызығушылығын оятып қана қоймай,олардың арасында достық пен позитивті қарым-қатынасты қалыптастыруға үйретеді.
Күн керемет көңіл күйде өтті.


Снимок экрана 2024 04 18 133640

https://www.instagram.com/p/C6F1V7QStP1/

Бүгін Цхалтубо қаласында (Грузия) қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO-2024) аяқталды. Бұл жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасының құрамына дарынды балаларға арналған N8 лицей-мектебінің 11 В сынып оқушысы Анастасия Одинцова енді.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Анастасия күміс медальмен марапатталды. Настя мен математика мұғалімі Лилия Викторовна Стадникованы жеңістерімен құттықтаймыз!!!


Ирина Геннадьевна Шепеленко,

Дарынды балаларға  арналған 8 лицей – мектебінің екінші директоры

16.04.1957 -    2023 жж.

 

2024 04 16 00 44 44

 

    1970 жылы Павлодар педагогикалық институтының  химия факультетін аяқтады,мамандығы «химия пәнінің мұғалімі», жоғары санатты, еңбек өтілі – 36 жыл.

    1979 – 1987 жылдары Павлодар қаласының №    орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

    1987 – 1988 жылдары – Индустриалды ауданның білім бөлімінің әдіскері.

1988 жылдан 1990 жылға дейін  -  Павлодар қаласы  аудандық  партия комитетінің идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы,1989 жылы идеологиялық бөлімнің меңгерушісі – аудандық партияның парткабинетінің меңгерушісі болып бекітілді.

    1990 жылдан 1995 жылға дейін № 8 лицей – мектебінде  оқу – тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары. 1995 жылдан бастап 2005 жылға дейін химия пәнінің мұғалімі.

   2005 жылдан  №8 лицей – мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметіне ауыстырылды. Мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде,Ирина Геннадьевна лицей оқушылары үшін бейіндік оқытуды құруы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі өз жұмысында озық тәжірибені пайдалануға  және жүйелі түрде шығармашылық жұмысты жүргізуге мүмкіндікк берді.Химия пәнінің мұғалімі ретінде пән бойынша деңгейлік тест тапсырмаларын әзірледі.2006 жылы химия оқулықтарына арналған қолданбалы бағдарламалар конкурсының жүлдегері атанды.

  2007 жылдан 2017 жылға дейін Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей – мектебі» ММ директоры. Жылдар бойғы ұжымды танып-білуі,мұғалімдер мен оқушылар жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектесті.Тіл байлығы мен ұжымдық жұмысты ұйымдастра  білу қабілеттері  мұғалімдер мен оқушылар жұмысын ұйымдастыруға көмектес ті.

   Тіл шешендігі  мен ұйымдастырушылық қабілеттері дарынды балаларды анықтап,балалардың дарындылығын дамытуға   оң әсерін тигізді, бейіндік оқытуға жағдай жасауға көмектесті.          

     Ирина Геннадьевна жұмыс жасаған 10  жыл ішінде №8 лицей – мектебі оқушыларының талдау нәтижесі    олардың түрлі деңгейдегі  олимпиадаларға,зияткерлік сайыстарға және жарыстарға қатысуы,түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен халықаралық   олимпиада жеімпаздарының  деңгейінің өсуін көрсетеді.  

Облыстық деңгей

2010 жыл – Сертификат « Үздік олимпиадалық команда - 2010»   

2011 жыл - Сертификат   « Үздік олимпиадалық команда – 2011»

2012 жыл – Сертификат «Үздік білім беретін ұйым («Үздік орта білім беретін ұйым»)  

2013 жыл – Сертификат «Ең үздік олипиадалық команда -  2013 »

 2015 жыл – «Ең үздік олипиадалық команда – 2015»

2016 жыл – «Ең   үздік олимпиадалық команда – 2016»

2016 жыл  - Диплом. Қазақстан Республикасы Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз  - бірлікте »   атты іс - шарада  ұзақ жылдар бойы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаудағы үздік көрсеткіштері үшін «Олимп шыңы»   номинацинасы.

2017 жыл – «Ең үздік олипиадалық команда - 2017» 

Ресубликалық деңгей.

«Ең үздік олимпиадалық мектеп -  2012» (Вице – министр Сарыбеков М.) 

Алғыс хат «Республикалық пән олимпиадасына оқушыларын жоғары деңгейде дайындағаны үшін»

«Ең үздік олимпиадалық мектеп командасы - 2014» (Вице – министр Иманғалиев Е.) 

«Ең үздік олимпиадалық мектеп командасы - 2017»   (Вице – министр Суханбердиев Э.)  

Халықаралық деңгей

І дәрежелі диплом  Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2012 жыл

І дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2013 жыл

 І дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2014 жыл

І дәрежелі диплом мен «Ең үздік олимпиадалық команда - 2015» кубогы.

І ,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2016 жыл.

 Жыл сайын оқушылар ҰБТ – ден  жоғары нәтиже көрсетіп, лицей Қазақстан Республикасының 100 ең үздік мектептер қатарына  бірнеше жылдан бері еніп жүрді.

  Ирина Геннадьвнаның басшылығымен лицейде химияны 5 сыныптан жеделдетіп оқыту курсы еңгізілді (курс авторлары – химия пәнінің мұғалімдері –  И.Н Молокова,О.В Колдашева). «В.П Никитенко атындағы  І зияткерлік олимпиада», «Альманах»  , «Лицеист», «Кітаппен бірге», «Ағылшын тіліндегі мектеп театры», «Пікірсайыс клубы» атты жобалар өз жұмысын бастады.

  Дарынды балаларды оқытудағы  және тәрбелеудегі аса жоғары педагогикалық кәсібилігі үшін Білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды (2011ж.,2012 ж.) , «Қазақстан Республикасының 20 - жылдығына» медаль  (2011 ж.), «Дарын» Республикалық ғылыми педагогикалық орталыққа 10 жыл» мерейтойлық төс белгісімен (2011 ж.),Павлодар облысы Білім басқармасының грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,ҚР білім саласының құрметті маманы  (2013ж.)

  2013 жылы Ирина Геннадьевна Великобританияда  (Сассекс университеті) ғылыми тәжірибеден өтті және «НЗМ тәжірибесін беру шеңберінде базалық білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлерінің тәжірибеден өтуі» жобасына қатысып,қатысушы сертификатын алды.

    Ирина Геннадьевна әрқашан өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп отырған.

Лицейде дарынды балалармен жұмысты  нығайту мақсатында, жыл сайын Білім басқармасы, МБА ПК – мен  түрлі семинарлар өткізіліп отырған.

Республикалық семиналар мен конференцияларда НЗМ тәжірибесімен бөлісуге қатысты.

    Мамандандырылған мектептің сапалы жұмыс жасауына  лицейдің материалдық базасы ықпал ететініне көп көңіл бөлді.

   Ирина Геннадьевна, мұғалім және лицей басшысы ретінде әріптестері,оқушылар мен ата – аналар арасында ерекше сыйлы,мәртебелі болды.

WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.21  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.22  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.22 1  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.23

WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.23 1  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.24

WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.24 1  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.25

WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.24 2  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.25 1

WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.26  WhatsApp Image 2024 04 15 at 14.24.26 1

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

WhatsApp Image 2024 04 15 at 17.10.51

Құжаттарды қабылдау және онлайн-тіркеу 2024 жылғы 20 сәуірге дейін ұзартылды!