Снимок экрана 2024 04 24 134957
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

2024 02 25 175747

https://www.instagram.com/p/C3ZK2m_y7Lo/

25 қаңтардан бастап Telegram мессенджерінде мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы анонимді хабарламалар тарала бастады. Хабарламалар Қазақстанның алты қаласында, яғни Ақтөбеде, Атырауда, Алматыда, Павлодарда, Қарағандыда және Қостанайда келіп түскен. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында таралған хабарламаларға ТМД елдері азаматтарының қатысы бар екені анықталды. Шетелдік әріптестермен олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Алайда тергеу мүддесіне байланысты біз әзірге бұл фактілер бойынша толық түсініктеме бере алмаймыз. Сондай-ақ Қарағанды және Қостанай қалаларында шабуыл жасау қаупі бар хабарламалардан кейін кәмелетке толмағандардың Telegram-арналарын ашқаны анықталды. Олар бұрын таратылған хабарламалардың мәтінін көшіріп, оқу орындарының фотосуреттерін орналастырып, өз мектептерінің чаттарына жалған ақпарат жолдаған. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы №15 орта мектебінің жетінші сынып оқушысы және Қостанайдағы №3 мектеп-гимназиясының төртінші сынып оқушысы анықталды. Олардың қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегені ескеріліп, ата-аналары бала тәрбиесіне көңіл бөлмегендері үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ сот шешімі бойынша олар жедел қызметтерді жалған шақыртуға және білім беру объектілерін тексеруге байланысты мемлекетке келтірілген залалды өтейтін болады. Шығын көлемі екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Альбина Махамбетова.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-terrorizm-aktisi-turaly-zhalghan-habarlama-ushin-zhauapkershilik-qarastyrylatynyn-eske-saldy/