Мұғалімдер кеңесіне арналған ашық сабақ – заманауи формат 2024 жылдың 26 ақпанында №8 лицей мұғалімдері «Оқытуды даралау және саралау – білім сапасын арттырудың негізгі жолдары» тақырыбындағы педагогикалық кеңеске арналған ашық сабақтар марафонына қатысты.Әрбір ұстаздың алдында заманауи технологияларды пайдалана отырып оқытудың дараланған және сараланған жолдарының әдіс-тәсілдерін сабақта көрсету міндеті тұрды. Сабақтарға өзара қатысу – тәжірибеде әріптестеріңізбен оқытудың озық тәжірибелерімен бөлісудің бір жолы. Сабақтарды саралай келе, мұғалімдер Қазақстан білімінің басым міндеттері: тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, білім беруді жаңарту, білім сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны