Педагог пен ата-аналардың өзара қарым- қатынасы - бұл жан-жақты ынтымақтастық пен өзара көмекке негізделген мұғалім мен оқушылардың, ата-аналардың арасындағы сенімді қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыру. Бүгін лицейде мұғалімдер мен ата -аналар қауымдастығының «Қоғамдық қабылдау» кездесуі өтті.
Пән мұғалімдері кездесу барысында оқушылардың үлгерімі, мінез-құлқы, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындық мәселелері бойынша кеңес берді. Лицей педагогтерінің ата-аналармен өзара жұмысы оқытудың барлық кезеңдерінде лицейдің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны