2024 жылдың 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінің базасында математика, физика, информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сияқты әлемнің 15 елінен 85 команда қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей - мектебі» КММ 11-сыныбының үш оқушысы жүлдегер атанды. Владимир Роговский математикадан күміс медальмен марапатталды. Қола медальдармен Анастасия Одинцова(математика), Әнуар Ораз (физика) марапатталды.
Владимир, Анастасия, Әнуарды және олардың тәлімгерлері Лилия Викторовна Стадникованы,Анатолий Николаевич Билиданы жеңістерімен құттықтаймыз!
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны