Снимок экрана 2024 04 24 134957
     ИННОВАЦИЯЛЫҚ
            ЖОБАЛАР
 
           4
 
            66
 
 
                       
  Қазақстан Республикасының
  
                     c8ae625272c1e5fbf8387088bba04167 original.61111
 
        6d4f43c33e505889325afe1be42847f0 original.177139
               Хабарландыру
                812d4ad8a47630b0b214cd2c8f1f5.480x480.730x410 1
                   Вакансия 
                new logo
                      ББДИО
 
            Сенім телефоны
                     
 

Ирина Геннадьевна Шепеленко,

Дарынды балаларға  арналған 8 лицей – мектебінің екінші директоры

16.04.1957 -    2023 жж.

 

2024 04 16 00 44 44

 

    1970 жылы Павлодар педагогикалық институтының  химия факультетін аяқтады,мамандығы «химия пәнінің мұғалімі», жоғары санатты, еңбек өтілі – 36 жыл.

    1979 – 1987 жылдары Павлодар қаласының №    орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

    1987 – 1988 жылдары – Индустриалды ауданның білім бөлімінің әдіскері.

1988 жылдан 1990 жылға дейін  -  Павлодар қаласы  аудандық  партия комитетінің идеологиялық бөлімінің нұсқаушысы,1989 жылы идеологиялық бөлімнің меңгерушісі – аудандық партияның парткабинетінің меңгерушісі болып бекітілді.

    1990 жылдан 1995 жылға дейін № 8 лицей – мектебінде  оқу – тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары. 1995 жылдан бастап 2005 жылға дейін химия пәнінің мұғалімі.

   2005 жылдан  №8 лицей – мектебінің оқу – тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметіне ауыстырылды. Мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде,Ирина Геннадьевна лицей оқушылары үшін бейіндік оқытуды құруы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі өз жұмысында озық тәжірибені пайдалануға  және жүйелі түрде шығармашылық жұмысты жүргізуге мүмкіндікк берді.Химия пәнінің мұғалімі ретінде пән бойынша деңгейлік тест тапсырмаларын әзірледі.2006 жылы химия оқулықтарына арналған қолданбалы бағдарламалар конкурсының жүлдегері атанды.

  2007 жылдан 2017 жылға дейін Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған № 8 лицей – мектебі» ММ директоры. Жылдар бойғы ұжымды танып-білуі,мұғалімдер мен оқушылар жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектесті.Тіл байлығы мен ұжымдық жұмысты ұйымдастра  білу қабілеттері  мұғалімдер мен оқушылар жұмысын ұйымдастыруға көмектес ті.

   Тіл шешендігі  мен ұйымдастырушылық қабілеттері дарынды балаларды анықтап,балалардың дарындылығын дамытуға   оң әсерін тигізді, бейіндік оқытуға жағдай жасауға көмектесті.          

     Ирина Геннадьевна жұмыс жасаған 10  жыл ішінде №8 лицей – мектебі оқушыларының талдау нәтижесі    олардың түрлі деңгейдегі  олимпиадаларға,зияткерлік сайыстарға және жарыстарға қатысуы,түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен халықаралық   олимпиада жеімпаздарының  деңгейінің өсуін көрсетеді.  

Облыстық деңгей

2010 жыл – Сертификат « Үздік олимпиадалық команда - 2010»   

2011 жыл - Сертификат   « Үздік олимпиадалық команда – 2011»

2012 жыл – Сертификат «Үздік білім беретін ұйым («Үздік орта білім беретін ұйым»)  

2013 жыл – Сертификат «Ең үздік олипиадалық команда -  2013 »

 2015 жыл – «Ең үздік олипиадалық команда – 2015»

2016 жыл – «Ең   үздік олимпиадалық команда – 2016»

2016 жыл  - Диплом. Қазақстан Республикасы Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз  - бірлікте »   атты іс - шарада  ұзақ жылдар бойы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаудағы үздік көрсеткіштері үшін «Олимп шыңы»   номинацинасы.

2017 жыл – «Ең үздік олипиадалық команда - 2017» 

Ресубликалық деңгей.

«Ең үздік олимпиадалық мектеп -  2012» (Вице – министр Сарыбеков М.) 

Алғыс хат «Республикалық пән олимпиадасына оқушыларын жоғары деңгейде дайындағаны үшін»

«Ең үздік олимпиадалық мектеп командасы - 2014» (Вице – министр Иманғалиев Е.) 

«Ең үздік олимпиадалық мектеп командасы - 2017»   (Вице – министр Суханбердиев Э.)  

Халықаралық деңгей

І дәрежелі диплом  Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2012 жыл

І дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2013 жыл

 І дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2014 жыл

І дәрежелі диплом мен «Ең үздік олимпиадалық команда - 2015» кубогы.

І ,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом Қ.И Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиада,2016 жыл.

 Жыл сайын оқушылар ҰБТ – ден  жоғары нәтиже көрсетіп, лицей Қазақстан Республикасының 100 ең үздік мектептер қатарына  бірнеше жылдан бері еніп жүрді.

  Ирина Геннадьвнаның басшылығымен лицейде химияны 5 сыныптан жеделдетіп оқыту курсы еңгізілді (курс авторлары – химия пәнінің мұғалімдері –  И.Н Молокова,О.В Колдашева). «В.П Никитенко атындағы  І зияткерлік олимпиада», «Альманах»  , «Лицеист», «Кітаппен бірге», «Ағылшын тіліндегі мектеп театры», «Пікірсайыс клубы» атты жобалар өз жұмысын бастады.

  Дарынды балаларды оқытудағы  және тәрбелеудегі аса жоғары педагогикалық кәсібилігі үшін Білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды (2011ж.,2012 ж.) , «Қазақстан Республикасының 20 - жылдығына» медаль  (2011 ж.), «Дарын» Республикалық ғылыми педагогикалық орталыққа 10 жыл» мерейтойлық төс белгісімен (2011 ж.),Павлодар облысы Білім басқармасының грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,ҚР білім саласының құрметті маманы  (2013ж.)

  2013 жылы Ирина Геннадьевна Великобританияда  (Сассекс университеті) ғылыми тәжірибеден өтті және «НЗМ тәжірибесін беру шеңберінде базалық білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлерінің тәжірибеден өтуі» жобасына қатысып,қатысушы сертификатын алды.

    Ирина Геннадьевна әрқашан өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп отырған.

Лицейде дарынды балалармен жұмысты  нығайту мақсатында, жыл сайын Білім басқармасы, МБА ПК – мен  түрлі семинарлар өткізіліп отырған.

Республикалық семиналар мен конференцияларда НЗМ тәжірибесімен бөлісуге қатысты.

    Мамандандырылған мектептің сапалы жұмыс жасауына  лицейдің материалдық базасы ықпал ететініне көп көңіл бөлді.

   Ирина Геннадьевна, мұғалім және лицей басшысы ретінде әріптестері,оқушылар мен ата – аналар арасында ерекше сыйлы,мәртебелі болды.