2024 жылдың 4 наурызда Алматы энергетика және коммуникациялар университет өкілдері Павлодар облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі" КММ 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.Ғұмарбек Дәукеев атындағы. AUEI C — энергетика, телекоммуникациялар, IT-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект салаларында кадрлар дайындайтын және де Орталық Азиядағы жетекші техникалық университеттердің бірі болып табылады. Университет колледж, бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Университет өкілдері презентация көрсетіп, буклеттер таратты. Университет өкілдері қабылдау ережелерін, мемлекеттік гранттар мен оқу ақысына жеңілдіктерін алу туралы қысқаша айтып берді. Түлектер пайдалы ақпарат алып, барлық сұрақтарына жауап алды.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАР
Хабарландыру
Сенім телефоны